push [pʊʃ] A.v 1.итеру We pushed and pushed but the piano wouldn't move. – Біз итергілегенімізбен/ қанша итерсек те, пианино жылжымады. You push and I'll pull. – Сен итер, мен тартамын. at smth She pushed at the door but it wouldn't budge. – Ол итергенімен, есік мызғымады. smb/smth She pushed the cup towards me. – Ол құтыны маған қарата сырғытты. smth I pushed the door open. – Есікті итеріп аштым. 2.итеру, итермелеу, итергілеу, итерісу People were pushing and shoving to get to the front. – Жұрт алға шығу үшін итерісіп жатты. The fans pushed against the barrier. – Жанкүйерлер кедергіні итерді. your way Try and push your way through the crowd. – Топты итере(-митере) жарып өтуге тырыс. 3. ∼ smth (тетікті, түймені, кнопканы, тб) басу, итеру ♦I pushed the button for the top floor. – Жоғарғы этажға шығу үшін лифтің түймесін бастым. The operator must have accidentally pushed the switch on the joystick. – Оператор джойстіктегі қосу түймесін байқамай басқан болар. She pushed a lever and the machine responded. – Ол тұтқаны итергенде жабдық істеді. Push the red button to open the doors. – Есікті ашу үшін қызыл кнопканы бас. 4. ∼ smth әсер ету, қозғау, итеру This development could push the country into recession. – Бұл жағдай елді тоқырауға/ рецессияға ұрындыруы мүмкін. The rise in interest rates will push prices up. – Проценттік ставканың өсуі бағаны жоғары итереді. Little pent-up demand exists to push the economy forward this year. – Биыл экономиканы алға қозғай алар аздаған сұраныс бар. The surplus has helped push world prices to as little as 55 euros per tonne. – Өнімнің артықтығы/ көптігі бағаларды тоннасына 55 евроға дейін түсірді. Rising inflation pushes down real interest rates. – Инфляцияның өсуі нақты проценттік ставкаларды түсіреді. 5.көндіру, қолқалау, итермелеу, зорлау smb into smth He made it clear that he would resist any attempt to push him into early retirement. – Ол өзін ертерек қызметтен кетуге қолқалауларға қарсы болатынын анық білдірді. smb into doing smth My teacher pushed me into entering the competition. – Мұғалімім мені жарысқа қатысуға көндірді. smb to do smth No one pushed you to take the job, did they? – Бұл жұмысқа тұруға ешкім сені зорлаған жоқ қой, солай емес пе? 6. smb/yourself істеткізу, мәжбүр ету The music teacher really pushes her pupils. – Музыка мұғалімі шәкірттерін көп жаттықтырады. Lucy should push herself a little harder. – Люси көбірек жұмыс істеуге өзін көндіруі керек. He keeps pushing himself to get better. – Ол өзін шыңдауға аянбайды. 7. ∼ smb (informal) қысым жасау/ көрсету, қыспаққа алу Her parents are very tolerant, but sometimes she pushes them too far. – Ата-анасы жақсы адамдар, бірақ ол кейде олардың жүйкесіне тиеді. He felt he was being pushed to the limit of his self-control. – Ол өзінің біршама қыспаққа түскенін аңғарды. 8. ∼ smth (informal) (ойын, жоспарын, тб) ілгерілету; итермелеу, тықпалау; жаю, насихаттау; жарнамалау The interview gave him a chance to push his latest movie. – Интервью оған өзінің кейінгі фильмі жайлы айтуға мұрсат/ пұрсат берді. She didn't want to push the point any further at that moment. – Ол өз ойын әзірше қозғамай тұра тұрғысы келді. He continues to push his own political agenda. – Ол өзінің саяси ұсынысын тықпалауда. Sales promotion is designed to push certain products. – Сауданы демеу кейбір өнімдерді жарнамалауды көздейді. The two governments are pushing for economic reform in the region. – Екі үкімет аймақтағы экономикалық реформаларды жақтауда. They're pushing hard for a ban on GM foods. – Олар гені өзгерген өнімдерге тыйым салу үшін әрекет етуде. 9. ∼ smth  (informal) есірткі/ наркотик сату 10.тез қозғалу/ жүру The army pushed (on) towards the capital. – Әскер астанаға қарай жылдам қозғалды. 11. (idm) *be pushing 40, 50, etc. (informal) шамамен қырық, елу жаста болу *be pushing up (the) daisies [қ-з: daisy (2)] *press/push the panic button [қ-з: panic button (2)] *push all the (right) buttons (also press all the (right) buttons especially BrE) [қ-з: press (В12)] *push the boat out (BrE, informal) қызық уақыт өткізіп, тойлап көп ақша шашу (synsplash out (on smth)) *push the boundaries/limits шектен шығу/ асу; одан әрі жүру/ бару We aim to push the boundaries of what we can achieve. – Бұдан да көп табысқа жеткіміз келеді. She pushes her physical limits through various endurance challenges. – Ол түрлі төзімділік жаттығулары арқылы өзінің физикалық шамасын арттырады. *push the envelope (informal) шектен шығу/ асу; одан әрі жүру/ бару He is a performer who consistently pushes the envelope of TV comedy. – Ол телекомедияны жаңа жиектерге сүйреумен келе жатқан өнерпаз. *push your luck | push it/things [қ-з: luck (А3)] *push smb over/to the edge «жиектен итеріп құлату», (кісіні) бұлқан-талқан ету, ашуландыру, ашындыру, жініктіру, өзіне-өзі ие бола алмай қалатындай күйге түсіру No one knows exactly what caused his breakdown, but losing his job may have pushed him over the edge. – Оның неге бұлқан-талқан болғанын ешкім білмейді, бірақ жұмысынан айрылып, торығып жүрген болар. *push smth to the back of your mind [қ-з: mind (А6)] 12. (phr v) *push smb around (BrE also push smb about) дөрекі бұйыру, әкіреңдеп істеткізу Don't allow yourself to be pushed around by that bully. – Өйтіп қорқытса, көнбе. *push ahead (with smth) ісін бәсеңдетпей жалғастыра/ ілгерілете беру, итермелеу The government is pushing ahead with its electoral reforms. – Үкімет өзінің сайлау реформасын  алға итермелеуде. *push smth aside шетке ысыру He pushed aside the feelings of fear. – Ол үрей сезімін ысырып қойды. *push back (on smth) (especially NAmE) қарсы болу/ шығу The company has tried to push back on the claim that it paid no taxes. – Компания өзін салық төлемеді деген әңгімені басуға тырысты. *push smth back кейінге қалдыру/ шегеру/ жылжыту The start of the game was pushed back from 2 p.m. to 4 p.m. – Ойынның басталуын сағат түстен кейінгі 2-ден 4-ке жылжытты. *push for smth | push smb for smth итермелеу, (ойды, ұсынысты, тб) жүзеге асыруға тырысу The pressure group is pushing for a ban on GM foods. – Ықпал тобы гені өзгерген өнімдерге тыйым салуға итермелеуде. I'm going to have to push you for an answer. – Сенен жауап алуға талпынбақпын. *push forward алға жүре беру, тоқтамау *push yourself/smb forward өзін-өзі көрсету/ білдіру/ алға итеру, ұмсыну She had to push herself forward to get a promotion. – Жұмыста жоғарылау үшін оның ұмсынуына/ өзін-өзі итермелеуіне тура келді. *push forward (with smth) жоспарды алға итермелеу/ жүзеге асыруға тырысу The government is pushing forward with its electoral reforms. – Үкімет сайлау реформасын алға итермелеуде. *push in (BrE) (NAmE cut in) кезектегі жұртты сыйламастан олардың алдына шығып кету, өңмеңдеу, омыраулау *push off a) (BrE, informal) кет, жоғал, аулақ жүр Hey, what are you doing? Push off! – Оу, не істеп жүрсің? Аулақ жүр. b) (жиектен/ шеттен) жылжу *push on жалғастыра/ істей беру We rested for a while then pushed on to the next camp. – Сәл тыныққан соң, келесі лагерге жүрдік. *push smb out кетіру, шығарып жіберу,/ тастау *push smth out өндіру, жасап шығару factories pushing out cheap cotton shirts – арзан мақта жейделерді шығарып жатқан фабрикалар *push smb/smth over итеріп құлату Sam pushed me over in the playground. – Сәм мені ойын алаңында итеріп құлатты. *push smth through (заңды, жоспарды, тб) қабылдату The government is pushing the changes through before the election. – Үкімет өзгерістерді сайлаудан бұрын қабылдатпақшы. B.n 1.итеру(шілік) She gave him a gentle push. – Ол оны жұмсақ итерді. The car won't start. Can you give it a push? – Машина оталмай жатыр. Артынан итересің бе? 2.ірі шабуыл/ атака a final push against the enemy – жауға ақтық шабуыл (figurative) The firm has begun a major push into the European market. – Фирма Европа рыногына лап қойды. 3. ∼ for smth құлшына істеу, итермелеу The push for reform started in 2007. – Реформаны 2007 жылы қолға алды. 4.демеу, құлшындыру, қолпаштау, жігерлендіру He wants to open his own business, but needs a push in the right direction to get him started. – Ол өз кәсібін/ бизнесін ашқысы келеді, алайда оны дұрыс бағытта қозғау керек. 5. (idm) *at a push (BrE, informal) мүмкін болғанмен қиын We can provide accommodation for six people at a push. – Алты адамға жатын орын тапса болады, бірақ бұл оңай шаруа емес. *give smb/get the push a) (BrE, informal) жұмыстан шығару, жұмыстан шығып қалу (syn: fire (3)) They gave him the push after only six weeks. – Оны алты аптадан соң-ақ жұмыстан шығарып тастады. b) (BrE, informal) біреумен ғашықтық қатынастарды үзу He was devastated when his girlfriend gave him the push. – Көңілдес қызы тастап кеткенде, ол қатты құлазыды. *when push comes to shove (informal) «қолмен итерісе бастағанда», амал қалмағанда