put

put [pʊt] v (pt put, pp put, -ing form putting) 1. ∼ smth қою; қозғау; қату, қосу Put the cases down there, please. – Чемодандарды мына жерге қоя сал(ыңыз). Did you put sugar in my coffee? – Кофеме қант салдың(ыз) ба? Put your hand up if you need more paper. – Тағы қағаз керек болса, қолың(ыз)ды көтер(іңіз). He put his fist through a glass door. – Ол жұдырығын әйнек есіктен өткізді. 2. ∼ smb/smth алып бару, апару, қою, беру Her family put her into a nursing home. – Үй-іші оны қарттар үйіне берді. It was the year the Americans put a man on the moon. – Ол американдықтар адамды айға түсірген жыл еді. 3. ∼ smth бекіту, орнату We had to put new locks on all the doors. – Есіктердің бәріне жаңа құлпы орнатуымызға тура келді. 4. ∼ smth жазу, белгілеу, таңбалау Put your name here. – Аты-жөніңізді мұнда жазыңыз. Friday at 11? I'll put it in my diary. – Жұма сағат 11-де ме? Күнделігіме жазып алайын. I couldn't read what she had put. – Оның не жазғанын оқи алмадым. 5. ∼ smb/smth (жағдайға, күйге) қою, қалдыру, салу; тағайындау I was put in charge of the office. – Мені кеңсеге жауапты етті. The incident put her in a bad mood. – Оқиға оны жабырқатты. Put yourself in my position. What would you have done? – Өзіңді менің орныма қойшы. Не істей алар едің? I tried to put the matter into perspective. – Мәселені елестетуге/ ұғуға тырыстым. Don't go putting yourself at risk. – Басын бәске/ тәуекелге тігу. I am determined to put things right. – Істі реттемек болып отырмын. It was time to put their suggestion into practice. – Олардың ұсынысын іс жүзінде көретін уақыт еді. This new injury will put him out of action for several weeks. – Бұл жаңа жарақат оны бірнеше аптаға шеттетпек. He put Ray on guard with a gun. – Ол Рейге қару беріп қарауылға қойды. 6. ∼ smth on/onto/to smth әсер/ ықпал ету Her new job has put a great strain on her. – Жаңа жұмысы оны діңкелетуде. They put pressure on her to resign. – Олар оны қызметінен кетсін деп қысым жасады. It's time you put a stop to this childish behaviour. – Бұндай балалық қылықтарды тоқтататын кезің келді. 7. ∼ smth айту, білдіру She put it very tactfully. – Бұны ол өте сыпайы білдірді. Put simply, we accept their offer or go bankrupt. – Төтесінен айтқанда, не олардың ұсынысын қабылдаймыз, не банкрот боламыз. Simply put, the film is a masterpiece. – Турасын айтқанда, фильм – керемет туынды. I was, to put it mildly, annoyed. – Менің, сыпайы айтқанда, мазамды алды. Putting it bluntly, the project was a disaster. – Дәл/ Төте айтсақ, жоспар омақасты. He was too trusting - or, to put it another way, he had no head for business. – Ол тым сенгіш еді – немесе, басқаша айтқанда, бизнеске оның басы жоқ еді. The meat was - how shall I put it? - a little overdone. – Ет – қалай десем екен? – көбірек қақталыпты. As he puts it… - Ол айтатындай, ... She had never tried to put this feeling into words. – Бұл сезімді ол ешқашан сөзбен жеткізуге тырысқан емес. Can you help me put this letter into good English, please? – Мына хатты ағылшынша жақсылап жазуға көмектесе аласың ба? I thought you put your points very well. – Өз пікірлерің(із)ді өте жақсы білдірдің(із) деп ойлайдым. 8. ∼ smth on smth мән беру, көңіл бөлу Our company puts the emphasis on quality. – Компаниямыз сапаға мән береді. He put a limit on the amount we could spend. – Ол жұмсамақ қаражатымызға шек қояды. 9. ∼ smb/smth бағалау, таразылау I'd put her in the top rank of modern novelists. – Оны қазіргі новелистердің үздіктерінің қатарына қояр едім. 10. ∼ smth лақтыру 11. (idm) *I wouldn’t put it past smb (to do smth) (informal) оның қолынан (жамандық) келеді, ол ондай нәрсеге (жамандыққа) барады I wouldn't put it past him to sell her jewellery. – Оның (еркектің) қолынан оның (әйелдің) алтын-күміс бұйымдарын сату келеді (яғни, ол сатқан да болар). *put it about (BrE, informal) көптеген ойнастары/ секс-партнерлары болу *put it to smb that… біреуге айтып/ ұсынып көру I put it to you that you are the only person who had a motive for the crime. – Саған мынаны айтқым келеді – Бұл қылмысты жасауға сенде ғана себеп/ мотив болды. *put one over on smb (informal) алдау, өтірік нәрсеге сендіру Don't try to put one over on me! – Жөні жоқ басымды қатырмашы! *put smb through it (especially BrE, informal) қинау, қиындыққа душар ету They really put me through it at the interview. – Олар интервью кезінде мені шынымен (де) қинады. *put together бәрін қоса алғанда, бәрін қосқанда Your department spent more last year than all the others put together. – Бөлімің(із) былтыр басқалардан, олардың бәрін қоса алғанда, көп (ақша) жұмсады./ Бөлімің(із) былтыр басқалардың бәрін қоса алғаннан көп (ақша) жұмсады. *put up or shut up (especially BrE) сөзді қойып іске көш, көп сөйлемей нақты іспен айланыс 12. (phr v) *put smth about (BrE, informal) әңгіме/ сөз/ өсек-аяң/ қауесет тарату it about that… Someone's been putting it about that you plan to resign. – Біреу сені қызметінен өзі кетпек деп жүр. *put smth above/before smth (бірн-ге) аса зор мән беру, бірінші орынға қою *put yourself/smth across (to smb) (пікірін, сезімін) білдіру, жеткізу She's not very good at putting her views across. – Ол өз ойларын дұрыс(тап) жеткізе алмайды. *put smth aside a) елемеу, ескермеу, ұмыту (syn: disregard) They decided to put aside their differences. – Олар өзара келіспеушіліктерін ысырып қоюға уағдаласты. b) қоя тұру, доғара тұру He put aside his studies in order to pursue a political career. – Саясатпен айналысу үшін ол оқуын доғарып қойды. c) үнемдеу, сақтау, бөлу We put some money aside every month for our retirement. – Ай сайын пенсияға біраз ақша сақтаймыз. I put aside half an hour every day to write my diary. – Күнделігімді жазуға күн сайын жарты сағат бөлемін. *put smb/smth at smth шамалау, шамамен мөлшерлеу, долбарлау The damage to the building is put at over $1 million. – Үй-жайға шамамен $1 млн нұқсан келді дейді. *put smb away (informal) (біреуді) түрмеге жабу, психиатриялық ауруханаға, тб беру *put smth away a) орнына/ тұрған жеріне қою I'm just going to put the car away. – Әшейін машинаны орнына қояйын деп жатырмын. b) үнемдеу, сақтау, қойып қою She has a few thousand dollars put away for her retirement. – Ол пенсиясына бірнеше мың доллар жиып қойған. c) (informal) көп ішу не жеу He must have put away a bottle of whisky last night. – Кеше кешкісін ол бір шөлмек вискиді ішіп тастаған болуы керек. *put smth back a) орнына қайта қою, кері орнына қою If you use something, put it back! – Бірнәрсені пайдалансаң, кері қой(ғын)! b) шегеру, кейінге қалдыру/ жылжыту (syn: postpone) The meeting has been put back to next week. – Жиналыс келесі аптаға шегерілді. c) шегеру Poor trading figures put back our plans for expansion. – Сауда сандарының нашарлығынан өрістемек жоспарымыз кейінге шегерілді. Remember to put your clocks back tonight. – Бүгін түнде сағатыңды (сағат тілін) кері жылжытуды ұмытпа(ғын). *put smth before = put smth above *put smth behind you өткенді ұмыту/ кейін қалдыру *put smth by (especially BrE) (also put smth aside) үнемдеу, сақтау, жию I'm putting by part of my wages every week to buy a bike. – Велик алу үшін апта сайын ақшамның бір бөлігін сақтаймын. *put down (самолет ж) қону He put down in a field. – Ол ашық жерге/ алаңға қонды. *put smb down (informal) біреуді ақымақ көрсету/ ету *put smth down a) (затты, тб) қою Put that knife down before you hurt somebody! – Біреуді жараламай тұрғанда пышақты қой/ таста! (figurativeIt's a great book. I couldn't put it down. – Керемет кітап. Қоймай оқыдым. (BrE) She put the phone down on me. – Сөзімді бітірместен ол телефонды қоя салды. b) жазып алу/ қою The meeting's on the 22nd. Put it down in your diary. – Жиналыс 22-сінде. Күнделігіңе түртіп ал. c) бір бөлігін төлеу We put a five per cent deposit down on the house. – Үй үшін бес процент депозит төледік. d) басу; қысу, қысым жасау; тоқтату (syn: crush) to put down a rebellion – көтерілісті басу The military government is determined to put down all opposition. – Әскери үкімет оппозицияның бәрін баспақ болып отыр. e) (аңды кәрі не ауру болғандықтан дәрі беріп, тб) өлтіру We had to have our cat put down. – Мысығымызды өлтіруімізге тура келді. f) сәбиді төсекке жатқызу Can you be quiet - I've just put the baby down. – Сәл тынышталасың ба – бөпені жатқызайын дегенмін. g) (парламентке, тб) ұсыну, таныстыру (syn: table) to put down a motion/an amendment – ұсыныс енгізу/ заңға қосымша(ның) жобасын енгізу *put smb down as smth сипаттау, есептеу, пайымдау I'd put them both down as retired teachers. – Екеуі де пенсиядағы мұғалімдер деп ойлаймын. *put smb down for smth тізімге енгізу, тіркету Put me down for three tickets for Saturday. – Сенбі күнге маған үш билет броньға қой. They've put their son down for the local school. – Олар ұлын жергілікті мектепке беру үшін тіркетті. *put smth down to smth себебі пәлендей болу, пәлен себепті болу (syn: attribute) What do you put her success down to? – Ол неге табысты болды деп ойлайсың(ыз)? *put smth forth (formal) (also put smth out) өну, өркендеу, өсу *put yourself/smb forward өзін/ біреуді кандидат, тб ретінде ұсыну Can I put you/your name forward for club secretary? – Атың(ыз)ды клуб секретары қызметіне ұсынсам болады ма? He has put himself forward for a place on the national executive. – Ұлттық атқару кеңесіндегі орынға ол өзін ұсынды. *put smth forward a) талқылауға бірнәрсе ұсыну to put forward a suggestion – ұсыныс енгізу b) алға жылжыту We've put the wedding forward by one week. – Үйлену тойын бір апта алға жылжыттық. c) сағатты (сағат тілін) алға жылжыту Remember to put your clocks forward tonight. – Түнде сағаттарыңды алға жылжытуды ұмытпаңдар. *put smb in (партияны, тб) сайлау Who will the voters put in this time? – Бұл жолы сайлаушылар кімді сайлайды? *put smth in a) орнату, орналастыру, қою, бекіту (syn: install) We're having a new shower put in. – Жаңа душ орнат(қыз)ып жатырмыз. b) (хатқа, тб бірнәрсе) қосу, енгізу c) сөзге килігу, біреуді бөле сөз айту Could I put in a word? – Бір сөз айтсам бола(ды) ма? ‘But what about us?’ he put in. – «Бірақ, мынаушы?», деп ол сөзге килікті. d) ресми өтіну, дау айту The company has put in a claim for damages. – Компания нұқсанды өтеуді талап етті. e) ∼ in a (…) performance өнер көрсету All the actors put in great performances. – Актерлердің бәрі де тамаша өнер көрсетті. f) (also put smth into smth) (бірнәрсемен) көп шұғылдану; көп талпыну/ тырысу She often puts in twelve hours' work a day. – Оның күніне он екі сағат(тан) істейтін кезі жиі. smth into doing smth He's putting a lot of work into improving his French. – Французшасын жақсарту үшін ол аянбай еңбектенуде. g) (also put smth into smth) ақша жұмсау/ беру smth into doing smth He's put all his savings into buying that house.Ана үй үшін ол ақшасының бәрін жұмсады. *put in (at…) | put into… портқа/ айлаққа тоқтау/ бас тіреу (opp: put out (to…/from…)) They put in at Lagos for repairs. – Кемені жөндеу үшін олар Лагосқа тоқтады. *put in for smth (especially BrE) өтіну, сұрау Are you going to put in for that job? – Ана жұмысқа өтініш жазасың ба? *put yourself/smb/smth in for smth жарысқа/ сайысқа ену *put smth into smth a) қосу, үстеу He put as much feeling into his voice as he could. – Дауысына барынша сезім үстеді. b) (also put smth in) көп шұғылдану/ айналысу c) (also put smth in) ақша жұмсау/ беру *put smb off a) (келісілген нәрсені) болдырмау, уәдеден айну It's too late to put them off now. – Олармен кездесуден айнуға енді тым кеш. She put him off with the excuse that she had too much work to do. – Жұмысым тым көп деп ол онымен кездесуден айнып кетті. b) жатырқату, үркіту, суыту, жақтырмайтындай ету She's very clever but her manner does tend to put people off. – Ол – өте ақылды, алайда оның мәнері/ қылықтары жұртты үркітеді. Don't be put off by how it looks - it tastes delicious. – Түріне қарап айныма – дәмі тіл үйіреді. c) (also put smb off smth) (ойын, тб) бөлу, үзу Don't put me off when I'm trying to concentrate. – Ойымды шоғырлайын дегенде бөлме. The sudden noise put her off her game. – Кенет (шыққан) шу оның ойынын үзіп жіберді. d) (BrE) тоқтап біреуді көліктен түсіру I asked the bus driver to put me off at the station. – Автобус жүргізушісінен өзімді станцияда қалдыруды өтіндім. *put smb off smth/smb ынтасын/ зейінін жоғалту He was put off science by bad teaching. – Нашар оқытқаннан ол ғылымға ынтасын жоғалтты. off doing smth The accident put her off driving for life. – Әлгі оқиғадан соң ол өмір бойы көлік айдамайтын болды. *put smth off (уақытын) кейін шегеру, жылжыту (syn: postponedelayWe've had to put off our wedding until September. – Үйлену тойымызды қыркүйекке дейін шегеруімізге тура келді. off doing smth He keeps putting off going to the dentist. – Ол тіс дәрігеріне әне барамын, міне барамын деп жүр. *put smb on a) телефонды басқа біреуге беріп сөйлестіру Hi, Dad - can you put Nicky on? – Сәлем, әке – телефонды Никкиге берші. b) (NAmE, informal) (қалжыңдап) алдау (syn: have smb on) Oh, come on, you know I was only putting you on. – Жә, әшейін сенімен ойнағаным ғой. *put smth on a) киіну (opp: take smth off) Hurry up! Put your coat on! – Тез! Үст киіміңді ки! b) ​үстіне (бетіне, терісіне) бірнәрсе жағу She's just putting on her make-up. – Ол әшейін бетін опалап жатыр. c) ​жабдықты қосу I'll put the kettle on for tea. – Шай ішкенге шәугімді қосайын. She put on the brakes suddenly. – Ол кенет тежегішті басты. d) (музыканы, видеоны) қосу Do you mind if I put some music on? – Біраз музыка қойсам қалай қарайсың? The DJ put on a techno dance number. – Ди-джей технобиді қойды. e) тамақ пісіре бастау I just need to put the potatoes on. – Әшейін картопты салайын. f) толу, салмақ қосу, семіру (syn: gain) She looks like she's put on weight. – Ол толған сияқты. He must have put on several kilos. – Ол бірнеше кило толған болар. g) ​(BrE) беру, қамдау The city is putting on extra buses during the summer. – Жаз кезінде қала бірнеше қосымша автобус жүргізеді. h) пьеса/ шоу қою The local drama club is putting on ‘Macbeth’. – Жергілікті драматеатр «Макбетті» қоюда. i) пәлендей болып көріну He put on an American accent. – Ол американ акцентін салыпты. I don't think she was hurt. She was just putting it on. – Ол жараланды деп ойламаймын. Әшейін үйіргені ғой. *put smth on smth a) ақша/ салық қосу The government has put ten pence on the price of twenty cigarettes. – Үкімет әр жиырма темекіге он пенс қосты. b) бәс тігу I've never put money on a horse. – Жылқыға бәс тіккен емеспін. I put £5 on him to win. – Ол жеңеді деп £5 тіктім. *put smb onto smb/smth a) полицияға хабарлау What first put the police onto the scam? – Ақша қулығының ізіне ең әуелі полиция қалай түсті? b) білу, табу Who put you onto this restaurant - it's great! – Мына ресторанды қалай таптың – тамаша екен! *put out (for smb) (NAmE, slang) біреумен жыныс қатынасына түсуге келісу *put smb out a) ыңғайсыздық жасау, мазасын алу (syn: inconvenience) I hope our arriving late didn't put them out. – Кеш келгеніміз олардың мазасын алмаған болар деп үміттенемін. b) be out ренжу, кею He looked really put out. – Ол қатты ренжігендей көрінді. c) есінен тандыру These pills should put him out for a few hours. – Бұл дәрілер оны бәрнеше сағатқа ұйықтатады. *put smth out a) сыртқа шығарып тастау (BrE) to put the rubbish out – қоқысты тысқа қою (NAmE) to put the garbage/trash out – қоқысты тысқа қою b) көрінетін жерге қою Have you put out clean towels for the guests? – Қонақтар үшін таза орамалдар қойдың ба? c) сөндіру, өшіру to put out a candle/cigarette/light – май шамды/ темекіні/ жарықты сөндіру Firefighters soon put the fire out. – Өрт сөндірушілер біраздан соң өртті сөндірді. d) (товар, тб) өндіру The factory puts out 500 new cars a week. – Завод аптасына 500 машина шығарады. e) жариялау; телерадиодан беру/ тарату Police have put out a description of the man they wish to question. – Полиция жауап алғысы келген кісінің сипаттамасын таратты. f) жұмысқа (тыстан бір адамды я компанияны) жалдау A lot of the work is put out to freelancers. – Мердігерлерге көп жұмыс берілді. g) жаңылдыру, қателестіру, мүлт кетіру The rise in interest rates put our estimates out by several thousands. – Проценттік ставканың өсуінен есептеулеріміз бірнеше мыңға мүлт кетті. h) (буынын, сүйегін) шығару, тайдыру (syn: dislocate) She fell off her horse and put her shoulder out. – Ол мұрнымен етпетінен түсіп, иығын шығарды/ шығарып алды. i) (also formal put smth forth) (өсімдік ж) өсу, өну, өркендеу *put out (to…/from…) порттан/ айлақтан кету (opp: put in (at…)) to put out to sea – теңізге шығу We put out from Liverpool. – Ливерпулден теңізге шықтық. *put yourself/smth over/across (to smb) (ойын, пікірін, тб жұртқа) жеткізу How do we put these ideas over to the public? – Бұл идеяларды жұртқа қалай ұқтырып жүрсің? *put smth through іс тындыру We managed to put the deal through. – Контрактке қол қоя алдық. *put smb through smth a) қинау, қиындыққа душар ету You have put your family through a lot recently. – Кейіндері үй-ішіңді көп қинадың. b) біреуді мектепке, тб орналастыру He put all his children through college. – Балаларының бәрін колледжге түсірді. *put smb/smth through (to smb/…) телефон арқылы сөйлесу Could you put me through to the manager, please? – Мені менеджермен қоса аласыз ба екен? *put smb to smth біреуді мазалау, әбігерлеу I hope we're not putting you to too much trouble. – Сізді әбігерге салмаған шығармыз деп ойлаймыз. *put smth to smb a) ұсыныс айту, кеңес ұсыну Your proposal will be put to the board of directors. – Ұсынысыңызды директорлар кеңесіне айтады. b) сұрақ қою, сұрау The audience is now invited to put questions to the speaker. – Тыңдармандар енді сөйлеушіге сұрақ қоя алады. *put smth together құрастыру, құрау, құрап жию to put together a model plane/an essay/a meal – модель самолетті құрау/ эссені (шығарманы) құрап жазу/ тамақ әзірлеу I think we can put together a very strong case for the defence. – Айғақтарды құрап сотта жақсы қорғансақ болады деп ойлаймын. *put smth towards smth біраз ақша беру Here's $100 to put towards your ski trip. – Шаңғы тебуге барғаныңа мінеки $100. *put smb up a) өз үйінде біреуді тұрғызу We can put you up for the night. – Бізде қонып шықсаң болады. b) қызметке ұсыну; кандидат ретінде ұсыну The Green Party hopes to put up more candidates in the next election. – Жасыл партия келесі сайлауға кандидаттарды көбірек ұсынғысы келеді. We want to put you up for club treasurer. – Сені клубтың есепшісі етіп ұсынғымыз келеді. *put smth up a) орнату, салу, тұрғызу; орналастыру to put up a building/fence/memorial/tent – үй-жай салу/ шарбақ/ мемориал тұрғызу/ шатыр тігу b) ілу (syn: display) to put up a notice – хабарлама ілу c) ​орнату, қадау, тігу to put up a flag – ту тігу She's put her hair up. – Ол шашын көтеріпті. d)  өсіру, көбейту They've put up the rent by £20 a month. – Олар аренданы айына £20-қа көтерді. e) ақша беру A local businessman has put up the £500 000 needed to save the club. – Клубты сақтау үшін жергілікті бизнесмен £500 000 берді. ​*put up (at…) (especially BrE) түнеу, түнеп шығу We put up at a motel. – Мотелде түнедік. *put up for smth | put yourself up for smth өзін қызметке, тб ұсыну She is putting up for election to the committee. – Ол комитет сайлауына түсуде. *put smb up to smth (informal) теріс жолға салу/ түсіру Some of the older boys must have put him up to it. – Кейбір үлкен балалар оны теріс жолға салған болар. *put up with smb/smth көну, көндігу, шыдау, төзу (syn: tolerate) I don't know how she puts up with him. – Ол оған қалай шыдайтынын білмеймін. I'm not going to put up with their smoking any longer. – Олардың темекі тартатынына бұдан әрі шыдай алар емеспін. *put yourself out (for smb) (informal) біреу үшін бірнәрсе істеуге ерекше талпыну They had put themselves out to entertain her during her visit. – Ол келген кезде олар оның көңілін көтеру үшін бәйек болды.