tack [tæk] A.n 1. тәсіл, амал, айла; беталыс, бағыт (ойдың, пікірдің) ♦a complete change of tack – беталыстың/ ойдың мүлде өзгеруі If that doesn’t work, we’ll try a different tack. – Бұл дұрыс болмаса, басқа амал қолданамыз. Rudy changed tack, his tone suddenly becoming friendly. – Руди амалын өзгертті, кенет жылы сөйлей бастады. His thoughts wandered off on another tack. – Ойы басқа жаққа ауып кетті. I find gentle persuasion is the best tack. – Жылы сөйлеп көндіру – мен үшін ең дұрысы. 2. (specialist) бағыт (желкенді қайықтың) ♦They were sailing on (a) port/starboard tack. – Олар сол/ оң жақтан соққан желмен жүзді. The yacht swung to the opposite tack. – Яхта кері бағытқа бұрылды. 3. (қалпағы жалпақ) кішкентай шеге ♦a carpet tack – кілем қағатын шеге 4. (also thumbtack) = drawing pin 5.уақытша тігіс (мата қиықтарын бір-біріне кіріктіріп біржола тіккеннен бұрын уақытша тігіп ұстата тұру) 6. (specialist) ер-тұрман, ер-тоқым (атты ерттеп міну үшін қажет нәрселер) ♦a tack room – ер-тоқым тұратын жай 7. (idm) *(get down to) brass tacks ​(informal) бірн-е туралы негізгі нәрселер(ді қарастыра бастау) B.v 1. ∼ smth (syn: nail) шегемен/ шеге қағып бекіту/ орнықтыру ♦The carpet was tacked to the floor. – Кілемді еденге қаққан/ қағып бекіткен. 2. уақытша тігу/ тігіс салу (мата қиықтарын бір-біріне кіріктіріп біржола тіккеннен бұрын уақытша тігіп ұстата тұру) ♦She tacked the sleeve of the blouse into the armhole. – Ол блузканың жеңін иық ойығына уақытша тікті. 3. (specialist) желге қарсы жүзгенде желкенді қайықты бұрып отыру 4. (phr v) *tack smth on | tack smth onto smth ​(informal) қосу, тіркеу, жалғастыру ♦The poems were tacked on at the end of the book. – Кітаптың соңына өлеңдер(ді) қосыпты.