tackle [ˈtækl] A.v 1. ∼ smth айналысу, шұғылдану, қолға алу ♦The government is determined to tackle inflation. – Үкімет инфляцияны қолға алмақ. I think I'll tackle the repairs next weekend. – Жөндеумен/ Жөндеу жұмыстарымен келесі апта соңында айналыссам деймін. Firefighters tackled a blaze in a garage last night. – Кеше түнде өрт сөндірушілер гараждағы өртті сөндірді. 2. ∼ smb (about smth) біреумен бір мәселе жөнінде сөйлесу (syn: confront) ♦I tackled him about the money he owed me. – Онымен менен алған қарызы жөнінде сөйлестім. 3. ∼ (smb) (футболда, хоккейде, тб) допты тартып алмақ болу; допты қарсыласты шала/ шалып алу (делать подкат) ♦He was tackled just outside the penalty area. – Одан допты айып алаңының сәл сыртынан алмақ болды. 4. ∼ smb бұзақыны, тб ауыздықтау/ тізгіндеу/ құрықтау/ жығып, тб көндіру ♦He tackled a masked intruder at his home. – Ол маска киіп үйіне енген ұрыны құрықтады. B.n 1. допты қарсыласты шала/ шалып алу (делать подкат); регбиде қарсыласты құлату ♦He was booked for a late tackle on Torres. – Оған Торресті шалғаны үшін сары қағаз көрсетті. He brought the burglar down with a flying tackle. – Ол ұрыны ұрып жықты. 2. (балық аулау, тб басқа әрекет үшін қажет) керек-жарақ ♦He owns a gun and tackle shop in the village. – Оның ауылда қару-жарақ дүкені бар. We'll need some ropes and climbing tackle. – Бізге арқан мен тауға өрмелейтін нәрселер керек. 3. (BrE, slang) еркекті жыныс мүшелері