take [teɪk] A.v (pt took [tʊk], pp taken [ˈteɪkən]) 1. (нәрсені, тб) алу ♦I passed him the rope and he took it. – Оған арқан бердім, ол алды. Free newspapers: please take one. – Тегін газет(тер): біреуін алыңыз.Will you take your books off the table? – Кітаптарыңды столдан алшы. The sign must be taken down. – Белгіні алып тастау керек. He took some keys out of his pocket. – Қалтасынан бірнеше кілт шығарды. My name had been taken off the list. – Мені тізімнен алып тастапты. ♦∼ smth Remember to take your coat when you leave. – Кетеріңде киіміңді (алып кетуді) ұмытпа. ♦∼ smth with you I forgot to take my bag with me when I got off the bus. – Автобустан түскенде сумкамды алмаппын/ қалдырып кетіппін. ♦∼ smth to smb/smth Can you take my suit to the dry-cleaner's? – Костюмімді хим-қ тазалауға апарып бересің бе? You need to take your laptop to the technician. – Ноутбугіңді техникке апаруың керек. ♦∼ smth for smb/smth Don't forget to take a present for Catherine's new baby. – Кәтриннің жаңа туған сәбиіне сыйлық алуды ұмытпа.Someone has taken my scarf. – Біреу шарфымды алып кетіпті. Did the burglars take anything valuable? – Ұрылар құнды заттарды алып па?Come in; take a seat. – Кел(іңіз), отыр(ыңыз).Do you take sugar in your coffee? – Кофені қантпен ішесің(із) бе?The bus can take 60 passengers. – Автобусқа алпыс адам сыяды. The tank takes 50 litres. – Бакке 50 литр сыяды. 2. (біреуді) алып бару, алып жүру ♦∼ smb It's too far to walk - I'll take you by car. – Жаяу – тым алыс, сені/сізді машинамен апарамын. ♦∼ smb to smth A boy took us to our room. – Бала бізді бөлмемізге (ертіп) апарды. ♦∼ smb doing smth I'm taking the kids swimming later. – Балаларды жүзуге апара жатырмын. 3. ∼ smb/smth жетелеу, көтеру, алып бару/ жүру ♦Her energy and talent took her to the top of her profession. – Қажыр-қайраты мен шеберлігі оны (өз) кәсібінің шыңына шығарды. The new loan takes the total debt to $100 000. – Бұл несие жалпы қарызды $100 000-ға жеткізеді. He believes he has the skills to take the club forward. – Ол клубты жақсартатындай қабілетім бар деп сенеді. 4. (уақыт) алу, (уақыт) кету ♦∼ smth The process took about a year. – Процеске бір жыл кетті. The journey to the airport takes about half an hour. – Әуежайға дейін жарты сағат (кетеді). That cut is taking a long time to heal. – Жараның/ Тіліктің жазылуы созылып кетті. 5.суретке/ фотоға түсіру ♦∼ smth to take a picture/photo/shot of somebody/something – біреуді/ бірн-ні суретке/ фото(графия)ға түсіру 6. ∼ smth көлікке міну, жолмен жүру, тб ♦to take the bus/train – автобусқа/ пойызға отыру Take the second road on the right. – Оң жақтағы екінші жолға бұрыл(ыңыз). 7. ∼ smth жазып алу, (қаламға) түртіп алу ♦The police officer took my name and address. – Полция аты-жөнім мен адресімді жазып алды. Did you take notes in the class? – Сабақ кезінде жаздың ба? 8. ∼ smth емтихан/ сынақ/ тест тапсыру ♦When did you take your driving test? – Машина жүргізу сынағынан өттің бе? 9. ∼ smth/smb сабақ оқу, курста оқу ♦Last year I started taking yoga classes. – Өткен жылдан йога крустарына бара бастадым. How many subjects are you taking this year? – Биыл қанша сабақ/ пән оқисың? 10.шара істеу, әрекеттену ♦The government is taking action to combat drug abuse. – Үкімет есірткі ішуге/ наркоманияға қарсы шара қолдануда. 11. ∼ smth істеу, әрекеттену ♦to take a look – қарау, көз салу to take a break – жұмыста үзіліс жасау to take a step/walk/stroll – қадам жасау/ жүру to take a bath/shower/wash – ваннаға/ душқа түсу/ жуыну to take a bite/drink/sip – (тағамнан) бір тістеу/ ішу/ ұрттау to take a deep breath – терең дем алу/ тыныс алу to take a decision – шешу, ұйғару, шешім қабылдауto take somebody’s temperature – біреудің температурасын өлшеу I need to have my blood pressure taken. – Қан қысымымды өлшетуім керек. 12.басып алу, қарамағына алу ♦∼ smth The rebels succeeded in taking the town. – Көтерілісшілер кентті басып алды. The state has taken control of the company. – Үкімет компанияны қарамағына алды. The rebels took him prisoner. – Көтерілісшілер оны тұтқынға алды. 13. ∼ smth (таңдап, сатып, жалға, тб) алу; алу, істеу, қабылдау, тб ♦I'll take the grey jacket. – Сұр жакетті аламын. We took a room at the hotel for two nights. – Қонақ үйден екі түнге бөлме алдық.We take the ‘Express’. - ‘Express’ газетін аламыз.If they offer me the job, I'll take it. – Олар жұмысты ұсынса, келісемін. She was accused of taking bribes. – Оны пара алады деп айыптады. I take full responsibility for my actions. – Өз ісіме жауапкершілікті толықтай аламын. Will you take $10 for the book? – Кітапты $10-ға сатасың(ыз) ба? The store took $100 000 last week. – Дүкен өткен аптада $100 000-дың нәрсесін сатты. 14. ∼ smb (бірн-ге) алу, қабылдау ♦The school doesn't take boys. – Мектеп ұл балаларды қабылдамайды (яғни, тек қыздар үшін). The dentist can't take any new patients. – Тіс дәрігері жаңа пациенттерді қабылдай алмайды. 15. ∼ smth душар болу, ұшырау, ұрыну, тб ♦The school took the full force of the explosion. – Жарылған бомбаның бар күші мектепке тиген. Can the ropes take the strain? – Арқан шыдай ма? The team took a terrible beating. – Команда оңбай жеңілді. I'm afraid your husband has taken a turn for the worse. – Күйеуің жаман жолға түсті ме деп қорқамын. 16. ∼ smth шыдау, төзу, (сын) көтеру ♦She can't take criticism. – Ол сын көтере алмайды. I don't think I can take much more of this heat. – Ыстыққа бұдан әрі шыдай алмаспын. I find his attitude a little hard to take. – Бұндай пейілге шыдау қиын-ау. 17. ∼ smth/smb пәлен көзбен қарау, жауап қату, (бірн-ге қатысты) әрекет ету, тб ♦He took the criticism surprisingly well. – Сынға ол, бір қызығы, түсінікпен қарады. These threats are not to be taken lightly. – Бұл қауіптерге жеңіл-желпі қарауға болмайды. I wish you'd take me seriously. – Мені дұрыстап ұқсаң екен. 18.ұғу, пәлен көзбен қарау, тб ♦∼ smth How am I supposed to take that remark? – Бұл сөзді қалай ұқсам екен? Taken overall, the project was a success. – Жалпы (алғанда), жоба табысты болды. ♦∼ smth as smth She took what he said as a compliment. – Ол оның сөзін мақтау деп ұқты. ♦∼ smth to do smth What did you take his comments to mean? – Оның сөздерін қалай ұғасың? 19. (қате) ойлап қалу, пәлен деп ұғу ♦∼ smb/smth for smb/smth Even the experts took the painting for a genuine Van Gogh. – Эксперттердің өзі бұны Ван Гогтың өзі салған сурет/ картина деп ойлап қалды. Of course I didn't do it! What do you take me for? –Бұны істеген, әрине, мен емес, мені кім деп ойлайсың? ♦∼ smb/smth to be smb/smth I took the man with him to be his father. – Жанындағы кісіні оның әкесі екен десем. 20. ∼ smth белгілі бір пікірі/ сезімі, тб болу ♦My parents always took an interest in my hobbies. – Ата-анам мен қызығатын нәрселерге қашан да зейін қоятын. Don't take offence at what I said. – Айтқаныма өкпелеме. ¨I took a dislike to him. – Оны жаратпай қалдым. 21.азайту, алу, минустау (syn: subtract) ♦∼ A (away) (from B) Take 5 from 12 and you're left with 7. – 12-ден 5-ті алса, 7 қалады. B away A (informal) 80 take away 5 is 75. – 80-нен 5-ті алса, 75 қалады. 22. ∼ smb/smth пәленшеге қараңдар, пәлен мысал бола алады ♦Lots of couples have problems in the first year of marriage. Take Ann and Paul. – Жаңа үйленгендер алғашында қиналады. Мысалы, Әнн мен Полға қара(ң(ыз)дар). 23. ∼ smth жаңа қызметке кірісу; белгілі бір күйге/ формаға өту/ ойысу, тб ♦Our next class will take the form of a debate. – Келесі сабағымыз дебат/ пікірсайыс түрінде болады. The new president takes office in January. – Жаңа президент қызметіне қаңтарда кіріседі. The home side had a chance to take the lead. – Алаң иелерінің алға шығатын мүмкіндігі болды. 24.бірнәрсе үшін бірнәрсе қажет дег мағ ♦∼ smb/smth to do smth It only takes one careless driver to cause an accident. – Бір аңғал жүргізушінің кесірінен жол оқиғасы болады. It doesn't take much to make her angry. – Оны ызаландыру қиын емес. ♦∼ smth (informal) He didn't take much persuading. – Оны көндіруге көп уақыт кетпеді. 25. ∼ smth пайдалану, қолдану; кию, тб ♦The buses have been adapted to take biofuel. – Автобустар биоотын пайдалана алады.What size shoes do you take? – Қай размердегі аяқ киім киесің(із)? 26.мұғалім/ жетекші болу ♦∼ smb (for smth) The head teacher usually takes us for French. – Директор әдетте бізге француз тілінен сабақ береді. 27. ∼ smth қарғып өту, тб ♦The horse took the first fence well. – Ат бірінші қоршаудан жақсы секірді. 28. ∼ smth (спорт ойынында допты) тебу, лақтыру, тб ♦to take a penalty/free kick/corner – пенальти/ еркін соққы/ бұрыштама тебу 29. ∼ smth сайлау, пікір шолу, тб ♦to take a vote/poll/survey – дауыс беру/ сауалнама жүргізу/ шолу 30. (idm) *smb can take it or leave it кім не істесе де, бәрібір *have (got) what it takes (informal) қажетті қабілеті, шеберлігі болу *take smth as it comes | take smb as they come (біреуді/ бірн-ні) сол күйінде қабылдау (яғни, біреуге/ бірн-ге бола кейімеу, өкінбеу, тсс) ♦She takes life as it comes. – Өмірді ол сол күйінде қабылдайды. *take it (that…) пайымдау, болжау ♦I take it you won't be coming to the party? – Ұғуымша, жиын-тойға келмейсің-ау деймін? *take it from me (that…) ​(informal) осылай болады, тсс ♦Take it from me - he'll be a millionaire before he's 30. – Айтпады деме, отызға толмай ол миллионер болады. *take it/a lot out of smb ​(informal) қажыту, шаршату ♦Looking after small children really takes it out of you. – Кішкентай балаларға қараған адамды қажытады. *take it on/upon yourself to do smth ​өз бетінше істемек болып шешу *take some/a lot of doing ​(informal) көп күшті, уақытты қажет ету; істеуге аса қиын болу *take that! ​(informal) мә саған/ мәссаған! (біреуді ұрғанда не ұрмақ болған айтылады) 31. (phr v) *be taken up with smb/smth ​бар күшін, уақытын біреуге/ бірн-ге жұмсау ♦She’s completely taken up with preparing for her exams. – Ол емтиханға бас алмай әзірленуде. *be taken with smb/smth тартымды/ қызық болу, ұнату, жақсы көру ♦We were all very taken with his girlfriend. – Оның жүріп жүрген қызы бәрімізге ұнап қалды. I think he's quite taken with the idea. – Ол (бұл) идеяға көңіл қойған секілді. *take smb aback сілею, таңырқау, аң-таң болу ♦Brendan was taken aback by her sudden question. – Брендан оның тосын сұрағына сасып қалды. ​*take after smb a) (біреуге) ұқсау, пәлен сияқты болу ♦Your daughter doesn't take after you at all. – Қызың мүлде саған ұқсамайды/ сен сияқты емес. b) (NAmE, informal) біреудің артына түсу, біреуді өкшелей жүріп отыру ♦I was afraid that if I started running the man would take after me. – Жүгірсем, әлгі адам артымнан қуа(ды) ма деп қорықтым. *take against smb/smth (old-fashioned, BrE) жақтырмай бастау, жеккөре бастау *take smb/smth apart (informal) ​ ойсырата/ оңдырмай/ талқандай жеңу ♦We were simply taken apart by the other team. – Ана команда біздің талқанымызды шығарды. ♦(ауысп мағ) In his speech he took the opposition apart. – (Өз) сөзінде ол оппозицияны аямай сынады. *take smth apart (машинаны, жабдықты) бөлшектеу (syn: dismantle) ​*take smth away a) шаншуды/ сезімді, тб басу ♦I was given some pills to take away the pain. – Шаншуды басу үшін маған дәрі берді. b) (BrE) (NAmE take smth out) рестораннан тамақты үйге/ тысқа алып кету, тейк-эуей ♦Two burgers to take away, please. – Тыста жегенге екі бургер беріңізші. *take away from smth | take smth away from smth (syn: detract) маңызын/ құнын азайтып көрсетпек болу, кемітпек болу ♦I don't want to take away from his achievements, but he couldn't have done it without my help. – Оның табысын кеміткім келмейді, алайда ол менсіз бұлай істей алмас еді. I don't want to take anything away from what you have all achieved. – Жеткен табысыңды кеміткім келмейді. ​*take smb back (кетіп қалған күйеуін, тб) үйге қайта кіргізу, қайта табысу​ *take smb back (to…) еске салу/ түсіру ♦The smell of the sea took him back to his childhood. – Теңіз иісі есіне балалық шағын салды. That song takes me back 30 years. – Ол ән маған отыз жыл бұрынғыны еске салады. *take smth back a) дүкенге затты қайтару, дүкеннің затты кері алуы b) сөзін кері алу, қате сөйлегенін мойындау ​♦OK, I take it all back! – Жә, сөзімді кері аламын! *take smth down a) бөлшектеп жию ♦to take down a tent – шатырды (палатканы) жығу/ жию Workmen arrived to take down the scaffolding. – Жұмысшылар келіп құрылыс сатыларын (леса) бұзды. b) дамбалын/ штанын/ трусыйын түсіру ♦to take down your trousers/pants – сымыңды (төмен) түсір c) жазып алу, қаламға түртіп алу ♦Reporters took down every word of his speech. – Репортерлер оның әр сөзін түртіп алды. d) интернеттен не сайттан алып тастау *take smb in a) біреуді үйінде тұрғызу, біреуге үйінен орын беру ♦to take in lodgers – үйге жалдап тұрушыларды алу He was homeless, so we took him in. – Ол үйсіз еді, сондықтан оны үйімізге тұрғыздық. b) (полиция ж) біреуді полиция учаскесіне тергеуге әкелу ♦Police have taken a man in for questioning following the attacks. – Шабуылдардан кейін полиция әлгі кісіні учаскеге алып барды. c) алдау, өтірік айту (syn: deceive) ♦She took me in completely with her story. – Оның айтқан әңгімесіне мүлде сеніп қалыппын. *take smth in a) (денеге) сіңіру, жұту ♦Fish take in oxygen through their gills. – Балық желбезегі арқылы тыныс алады. b) киімді тарылту/ жіңішке ету (opp: let out) ♦This dress needs to be taken in at the waist. – Бұ көйлектің белін тарылту керек. c) қамту ♦The tour takes in six European capitals. – Бұл турдың/ сапардың ішіне Европадағы алты астана кіреді. Her lecture took in all the recent developments in the subject. – Оның лекциясы осы тақырыптағы кейінгі жағдайдың бәрін қамтыды. d) (концертке, тб) барып көру ♦I generally take in a show when I'm in New York. – Нью-Йоркте болғанымда әдетте шоуға барамын. e) көз жүгірту, көз салып шығу ♦He took in every detail of her appearance. – Ол оның сырт пішініне көз жүгіртіп шықты. She took in the scene at a glance. – Ол көрініске көз салып шықты. f) (естігенін, оқығанын) ұғу, есіне сақтау ​​*take it/smth out on smb ашуын/ ызасын біреуден алу, ашулы болғандықтан басқалармен дұрыстап сөйлеспеу, тб ♦OK, so you had a bad day. Don't take it out on me. – Жә, бүгін жүйкең тозыпты ғой. Оныңды маған көрсетпе. She tended to take her frustrations out on her family. – Ол тыста ашуланса, үйде бұрқылдайтын. ​*take off a) (самолет, тб ж) ұша бастау, жерден көтерілу (opp: land) ♦The plane took off an hour late. – Ұшақ бір сағат кеш ұшты. b) (informal) (бір жерден) асығыс/ жедел кету ♦When he saw me coming he took off in the opposite direction. – Келе жатқанымды көріп, ол басқа жаққа тайды. c) (идея, өнім, тб ж) тез арада табысты болу/ кең тарау ♦The new magazine has really taken off. – Жаңа журналдың аты тез шықты. Her singing career took off after her TV appearance. – Телевизияға шыққаннан кейін, ол әншілігін бастап кетті. *take smb off a) біреудің қылығын, қимылын келекете салу, біреуді келекелеу (syn: impersonate) b) ​(спорт ойынында, тб) біреуді алаңнан алу, орнына басқа бір ойыншы шығару / шығару ♦He was taken off after twenty minutes. – Жиырма минуттан соң оны алаңнан алды. *take smth off a) киімін шешу (opp: put smth on) ♦to take off your coat – сырт киімін шешу He took off my wet boots and made me sit by the fire. – Ол су аяқ киімімді шешіп, мені оттың жанына отырғызды. b) жұмыстан демалыс алу ♦I've decided to take a few days off next week. – Келесі аптада жұмыстан бірнеше күнге сұрандым. c) (телепрограмманы, қоғамдық қызметті, тб) алып тастау, тоқтату ♦The show was taken off because of poor audience figures. – Көрушілер аз болғандықтан, шоуды эфирден алып тастады. d) шашын алу/ қию; жұлып кету ♦The hairdresser asked me how much she should take off. – Шаштараз қаншалықты алайын/ қырқайын деп сұрады. The explosion nearly took his arm off. – Жарылыс оның қолын жұлып кете жаздады. *take yourself/smb off (to…) ​(informal) (бір жерден) кет(ір)у *take smb off smth біреуді жұмыстан алу ♦The officer leading the investigation has been taken off the case. – Тергеуді жүргізіп жатқан офицерді істен алып тастады. *take smth off smth азайту, кеміту ♦The manager took $10 off the bill. – Менеджер счетты он долларға азайтты. That experience took ten years off my life. – Бұл оқиға мені он жылға қартайтты (десе болады). ​*take smb on a) ​(especially BrE) біреуді жұмысқа алу/ жалдау ♦to take on new staff – Жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу b) біреумен сайысу/ жарысу ♦to take somebody on at tennis – теннисте біреумен ойнау The rebels took on the entire Roman army. – Көтерілісшілер бүткіл Рим армиясына қарсы шықты. *take smth on белгілі бір күйге/ кейіпке/ түрге ену ♦The chameleon can take on the colours of its background. – Хамелеон айналасының түсіне енеді. His voice took on a more serious tone. – Даусы қатқыл шыға бастады. ​*take smth/smb on a) жұмыс/ жауапкершілік алу ♦I can't take on any extra work. – Еш(бір) қосымша жұмыс алмаймыз. We're not taking on any new clients at present. – Қазір ешбір жаңа клиент қабылдай алмаймыз. b) ​(автобус, тб ж) мінгізу, алу, тб ♦The bus stopped to take on more passengers. – Автобус тоқтап тағы да жолаушылар мінгізді. The ship took on more fuel at Freetown. – Кеме Фритаунда тоқтап, көбірек жанармай алды. *take smb out біреуді театрға, тб апару ​*take smb/smth out ​(informal) біреуді өлтіру; бірн-ні жою/ қирату ♦They took out two enemy bombers. – Олар жаудың екі бомбалағышын жойды. *take smth out a) (тісті, тб) жұлу, суыру ♦How many teeth did the dentist take out? – Тіс дәрігері қанша тіс жұлды? b) ресми документ не қызмет алу ♦to take out an insurance policy/a mortgage/a loan – сақтандыру (страховка)/ ипотека/ қарыз алу c) (NAmE) (BrE take smth away) рестораннан үйде не тыста жейге тамақ алу, тейк-эуей алу *take smth out (against smb) біреуді заң бойынша жауапкершілікке тарту/ сотқа тарту ♦The police have taken out a summons against the driver of the car. – Полиция машинаның жүргізушісіне сотқа шақыру қағаз жіберді. *take smth out (of smth) банктегі өз счетынан ақша алу​ *take smth out of smth ақшасынан алу/ ұстап қалу ♦The fine will be taken out of your wages. – Айыппұлды/ Штрафты жалақыңнан ұстап қалады. *take smb out of himself/herself уайымын тоқтату/ ұмыту/ азайту​ * take over (from smth) алмастыру, орнын басу; ұлғаю, жайылу ♦Try not to let negative thoughts take over. – Жаман ойлар бойыңа меңдемесін. It has been suggested that mammals took over from dinosaurs 65 million years ago. – Сүтқоректілер динозаврлардың орнын 65 млн жыл бұрын басқан дейді. *take over (from smb) | take smth  over (from smb) a) біреудің орнына қызметке келу, тб ♦Paul's daughter took over the job in 2017. – Полдың қызы жұмысты (одан) 2017 жылы алды. Gerald Ford took over the presidency after Nixon resigned. – Никсон отставкаға кеткеннен кейін Джеральд Форд оның орнына келді. b) ел билігін/ саяси партия тізгінін қолға алу ♦The army is threatening to take over if civil unrest continues. – Азаматтық бүлік басылмаса, армия ел билігін қолға аламыз деп қорқытуда. *take smth over компанияны/ кәсіпті, тб сатып алу ♦CBS Records was taken over by Sony. – Сони CBS Records-ді сатып алды. *take smb through smth таныстыру, таныстырып шығу ♦I still don’t understand the contract. Can you take me through it again? – Контрактіні әлі ұқпаймын. Тағы бір таныстырып шығасың ба? *take to smth a) қашып кету, сытылып кету The rebels took to the hills. – Көтерілісшілер жотаға кетті/ шегінді. b) бірн-ні әдетке айналдыру ♦take to doing smth I've taken to waking up very early. – Ерте оянып алатын болдым. c) үйреніп алу ♦She took to tennis as if she'd been playing all her life. – Ол теннисті бейне/ құдды бір өмір бойы ойнап жүргендей үйреніп алды. *take to smb/smth жақсы көре/ ұната бастау ♦I took to my new boss immediately. – Жаңа бастығым маған бірден ұнай бастады. He hasn't taken to his new school. – Жаңа мектебі оған ұнамауда. ​*take up жалғасу ♦The band's new album takes up where their last one left off. – Муз-қ топтың жаңа альбомы ескісі біткен жерден жалғасады/ басталады. *take up smth ​орын/ уақыт алу ♦The table takes up too much room. – Стол тым көп орын/ жер алады. I won't take up any more of your time. – Артық уақтыңды алмаймын. Her time is fully taken up with writing. – Оның бар уақты жазумен кетеді. *take smth up a) үйрене бастау ♦They've taken up golf. – Олар гольф үйрене бастады. b) жұмысына кірісу ♦He takes up his duties next week. – Ол қызметіне келесі аптада кіріседі. c) әнге, тб қосылу ♦to take up the chorus – хорға қосылу Their protests were later taken up by other groups. – Олардың наразылықтарына кейін басқа топтар қосылды. d) біреудің ойын, тб жалғастыру ♦I'd like to take up the point you raised earlier. – Сіз осыған дейін көтерген мәселені қозғасам (ба) деймін. e) белгілі бір тұсқа тұру/ келу ♦I took up my position by the door. – Есіктің жанына тұрдым. f) қабыл алу, келісу ♦to take up a challenge – жекпе-жекті қабыл алу She took up his offer of a drink. – Оның сусын ішейік дегеніне ол келісті. g) ​​​киімді қысқарту (opp: let down) ♦This skirt needs taking up. – Юбканы қысқарту керек. *take smb up on smth a) сұрау, сұрақ қою ♦I must take you up on that point. – Жаңағы мәселеде сізге сұрағым бар. I’d like to take you up on what you said earlier. – Ілгеріде айтқан сөзіңіз бойынша сізге сұрағым бар. b) (informal) ұсынысты/ бәсті қабыл алу ♦Thanks for the invitation - we'll take you up on it some time. – Шақырғаныңызға рахмет – сізге бір жолы келерміз. *take up with smb ​(informal) біреумен дос бола бастау, біреуге жақын бола бастау *take smth up with smb бір мәселе жайында біреуге жазу/ айту, мәселе көтеру ♦They decided to take the matter up with their MP. – Бұл мәселе жайлы олар депутатпен хабарласпақ болып шешті. B.n 1. (фильмге түсірген) кадр, көрініс ♦We managed to get it right in just two takes. – Екі кадрмен-ақ бұны дұрыстадық. 2. (informal) тапқан ақша(лай табыс), түскен кіріс (syn: takings) ♦How much is my share of the take? – Кірістегі үлесім қанша? 3. ∼ on smth (informal) пікір, ой, көзқарас ♦What's his take on the plan? – Жоспар жайлы оның ойы қандай? 4. (idm) *​be on the take ​(informal) біреуден пара алу