talk [tɔːk] A.v 1.сөйлеу, сөйлесу, әңгімелесу, айту, деу ♦Stop talking and listen! – Сөйлемей, тыңда! We talked on the phone for over an hour. – Телефонмен бір сағаттан аса сөйлестік. ♦∼ to smb Who were you talking to just now? – Қазір ғана кіммен сөйлестің? Ann and Joe aren't talking to each other right now. – Әнн мен Джо қазір сөйлеспейді (яғни, ренжісіп қалған). What are you talking about? – Не айтып/ деп тұрсың? I don't know what you're talking about. – Не айтып/ деп тұрғаныңды ұқпаймын.The baby is just starting to talk. – Сәбидің тілі енді (ғана) шыға бастады. ♦∼ smth Are they talking Swedish or Danish? – Олар шведше сөйле(сі)п тұр ма, жоқ датша ма? ♦(BrE) You're talking rubbish! – Жөні жоқ сөйлеп тұрсың! See if you can talk some sense into him. – Онымен сөйлес, жөнге келер ме екен.We're talking £500 for three hours' work. – Ұш сағаттық жұмыс үшін £500 деп жатырмыз.Don't phone me at work - people will talk. – Маған жұмысқа телефон шалма – кісілер сөз қылады. 2.талқылау, әңгімелесу, сөйлесу ♦This situation can't go on. We need to talk. – Жағдайды бүйтіп қоюға болмайды. Әңгімелесуіміз/ Талқылауымыз керек. The two sides in the dispute are finally willing to talk. – Дауласқан екі жақ(тың) ақыры бір-бірімен сөйлескісі келеді. ♦∼ smth to talk politics – саясатты әңгімелеу 3. (idm) *knock/talk some sense into smb біреуді жөнге салуға тырысу, біреуге ұқтырмақ болу ♦Where would I be without you to knock some sense into my head? – Сен сияқты ақыл айтатын адам болмаса, қайда болар/ жүрер едім? *know what you’re talking about ​(informal) не айтып тұрғанын білу, бірнәрсені біліп айту ♦I’ve lived in China, so I know what I’m talking about. – Қытайда тұрғанмын, сондықтан не айтып тұрғанымды білемін. *look who’s talking | you can/can’t talk | you’re a fine one to talk ​(informal) «қара кімнің сөйлеп тұрғанын», өзіңе қарап ал дег мағ ♦‘George is so careless with money.’ ‘Look who's talking!’ – «Джордж ақшаға соншама ұқыпсыз». «Өзіңе қарап алсаңшы!» *money talks [қ-з: money (4)] *now you’re talking ​(informal) дұрыс айтасың, айтқаныңмен келісемін *speak/talk of the devil [қ-з: devil (3)] *speak/talk out of turn [қ-з: speak (5)] *speak/talk the same language [қ-з: language (2)] *talk about lazy/cheap/hungry/mean, etc​ (informal) неткен жалқау/ арзан/ аш/ сараң, тб десеңші ♦Talk about mean! She didn't even buy me a card. – Неткен сараң десеңші! Ол маған открытка да алып бермеді. *talk dirty ​(informal) анайы сөйлеу, боғауыз сөйлеу *talk a good game ​бөсу, көпіре сөйлеу *talk the hind legs off a donkey ​(informal) әрнәрсені бір айту, былшылдау *talking of smb/smth ​(informal, especially BrE) біреу/бірнәрсе жайлы айтқанда ♦Talking of Sue, I met her new boyfriend last week. – Сью демекші, өткен аптада оның жаңа жігітін жолықтырдым. *talk shop [қ-з: shop (А6)] *talk the talk ​(informal, sometimes disapproving) батыл/ өзіне сенімді сөйлеу ♦You can talk the talk, but can you walk the walk? – Айтқанға оңай, ал істегенге қалай? *talk through your hat ​(old-fashioned, informal) өзі ұқпайтын нәрсе жайлы айту *talk tough (on smth) ​(informal, especially NAmE) тура/ ашық айту *talk turkey ​(informal, especially NAmE) ойлана/ толғана айту *talk your way out of smth/of doing smth сылтау айтып/ сылтауратып құтылып кету ♦I managed to talk my way out of having to give a speech. – Сылтау айтып, сөз сөйлемей қойдым. 4. (phr v) *talk around smth (BrE also talk round smth) бірн-е жөнінде сөйлесу, бірн-ні талқылау *talk at smb ​біреумен сөйлескенде оны тыңдамау, өзі ғана сөйлеу ♦You can’t have a real conversation with him - he just talks at you all the time. – Онымен дұрыстап сөйлесе алмайсың – бар уақыт ол өзі ғана сөйлеп отырады. *talk back (to smb) сөз/ тіл қайтару, теріс/ дөрекі жауап беру (syn: answer back) ​*talk smb/smth down ​ұшқышқа не ұшаққа жерден команда/ бұйрық бере отырып қонуына жәрдемдесу *talk smth down мән-маңызын азайтып көрсетпек болу, елемеу ♦You shouldn't talk down your own achievements. – Өз табысыңды кемітпе/ дұрыстап бағала. *talk down to smb біреуге шікірейе қарай сөйлеу, елемей сөйлесу ​*talk smb/yourself into/out of smth біреуді/ өзін бірнәрсе істеуге көндіру/ істеуден айныту ♦I didn't want to move abroad but Bill talked me into it. – Шетелге барғым келмеген, алайда Билл сөйлесіп көндірді. ♦∼ smb/yourself into/out of doing smth She tried to talk him out of leaving. – Ол оны кетпе деп көндіруге тырысты. *talk smth out ​бірн-ні мұқият әрі жан-жақты талқылау ♦We need to talk out the issue with the others before making a decision. – Шешім шығармас бұрын мәселені жан-жақты талқылап алуымыз керек. *talk smth over (with smb) ​бірн-ні мұқият әрі жан-жақты талқылау ♦They talked over the proposal and decided to give it their approval. – Олар ұсынысты елеп-екшеп алды да құптауды ұйғарды. *talk smb round (to smth) (BrE) біреуді бірн-е істеуге не келісуге көндіру ♦We finally managed to talk them round to our way of thinking. – Оларды ақыры біздің пікірімізбен келісуге көндірдік. *talk smb through smth түсіндіру, ұқтыру ♦Can you talk me through the various investment options? – Түрлі инвестициялау мүмкіндіктерін түсіндіріп бере аласыңыз ба? *talk smth through бірн-ні мұқият әрі жан-жақты талқылау ♦It sounds like a good idea but we’ll need to talk it through. – Бұл жақсы ой сияқты, алайда дұрыстап талқылап алуымыз қажет. *talk smb/smth/yourself up (асыра) мақтау ♦They talked up the tourist attractions to encourage more visitors. – Туристерді көбірек келтіру үшін олар тартымды жерлерді мақтады. B.n 1. сөйлесу, әңгіме(лесу), сұхбат ♦She looked worried so we had a talk. – Ол қобалжыған сияқты көрінген соң, сөйлестік/ әңгімелестік. ♦∼ about smth We need to have a serious talk about money matters. – Ақша жайлы дұрыстап сөйлесуіміз керек. ♦∼ with smb I had to have a heart-to-heart talk with her. – Онымен ашық сөйлесуім керек боды. ♦∼ with smb about smth I had a long talk with my boss about my career prospects. – Карьерамның келешегі жайлы бастығыммен ұзақ сөйлестім/ әңгімелестім. 2. (сөйлеген) сөз, баяндама, лекция ♦I went to several interesting talks at the conference. – Конференция бірнеше қызық баяндама тыңдадым. ♦∼ on smth She gave a talk on her visit to China. – Ол өзінің Қытайға сапары туралы сөз сөйледі. ♦∼ about smth I heard a talk about the history of printing. – Баспа тарихы туралы лекция тыңдадым. 3. ∼s келіссөз(дер), сөйлесу ♦peace/trade talks – бейбіт келіссөздер/ сауда келіссөздері to hold talks – келіссөз өткізу to engage in/enter into talks – келіссөз жүргізу/ бастау to pull out of talks – келіссөзден кетіп қалу/ шығу He is currently in talks with two football clubs. – Қазір ол екі футбол клубымен сөйлесіп жүр. Talks between management and workers broke down over the issue of holiday pay. – Басқарма мен жұмысшылар арасындағы келіссөз демалысты төлеу мәселесінде үзіліп қалды. 4. (informal) сөйлесу, әңгіме, айту, деу ♦It's just talk. He'd never carry out his threats. – Жә, оның әшейін қорқытқаны ғой. Don't pay any attention to her - she's all talk. – Оған мән берме – сөйлей береді. 5.әңгіме, қауесет, өсек-аяң, сөз ♦She dismissed the stories of her resignation as newspaper talk. – Ол өзінің отставкаға/ қызметтен кеткені туралы әңгімелерді газет өсегі деп терістеді. ♦∼ of (doing) smth There was talk in Washington of sending in troops. – Вашингтонда әскер жіберу туралы сөз болды. ♦∼ that… There’s talk that he’s a difficult actor to work with. – Онымен істесу қиын актер деген сөз бар. 6. (idm) *fighting talk ​бірн-е үшін күресеміз/ айқасамыз деп сөйлеу *the talk of smth жұрт әңгіме еткен адам я нәрсе ♦Overnight, she became the talk of the town. – Бір күнде ол жұртты өзіне қаратты.