tape ​[teɪp] A.n 1. (бір жағы жабысқақ) таспа, лента, скотч ♦adhesive/sticky tape – жабысқақ таспа Fit the carpet using double-sided tape. – Кілемді екі жағы жабысқақ таспамен ұстат. 2. (цифрлы технологиялардан бұрынғы дыбыс, бейне жазатын) таспа ♦on  Twenty years ago he was caught on tape in a very embarrassing situation. – Жиырма жыл бұрын ол бір ұятты жағдайда таспаға түсіп қалған. I have all my school concert performances recorded on tape. – Мектептегі барлық концерттерімді таспаға түсіргенмін. 3. (дыбыс, бейне жазылған) кассета, таспа ♦a blank tape – (жазылмаған) таза кассета Someone had deliberately erased the tapes. – Біреу әдейі кассетаны/ таспаны өшірген. 4. таспа бау, жіп, лента ♦The papers were in a pile, tied together with a tape. – Таспамен буған газеттер үйіліп жатты.the finishing tape – мәре таспасы (финишная лента) Police tape cordoned off the street in front of the house. – Үйдің алдындағы көшені полиция таспа баумен бөліп тастапты. 5. (also  measuremeasuring ∼) таспа-метр, метр-таспа (мерная лента, рулетка) B.v 1. ∼ smb/smth таспаға/ магнитофонға жазу ♦Private conversations between the two had been taped and sent to a newspaper. – Екеуінің оңаша әңгімесін (астыртын) таспаға түсіріп, газетке жіберген. 2. ∼ smth (up) таспамен/ лентамен/ скотчпен жабыстыру/ буу ♦Put it in a box and tape it up securely. – Бұны қорапқа салып, таспамен орап таста. 3. ∼ smth жабысқақ таспамен/ лентамен/ скотчпен қыстыру/ жапсыру ♦Someone had taped a message on the door. – Біреу есікке хабар жапсырып кетіпті. 4. ∼ smth (up) (NAmE) (жараны, тб) таңу, орау, таңып байлау ♦That's a nasty cut - come on, we'll get it all taped up. – Мынау сұмдық тілік қой – кел, таңып тастайық. 5. (idm) *have (got) smb/smth taped (BrE, informal) (біреуді/ бірн-ні) толықтай ұғу/ білу ♦You can’t fool Liz – she’s got you taped. – Лизбен ойнама (яғни, алдауға тырыспа) – ол сені жақсы біледі. It took me a while to learn the job, but I think I’ve got it taped now. – Жұмысты үйренуіме біраз уақыт кетті, алайда енді бәрін біліп алдым деп ойлаймын.