dark [dɑːk] А.adj (-er, -est) 1.қараңғы, сұрғылт ¨a dark room/street/forest – қараңғы бөлме/көше/орман  ¨It was dark outside and I couldn't see much.  – Тыста қараңғы болды дағы мен онша көре алмадым. 2. (түс, рең ж) ашық емес, қоңырқай, сұрғылт ¨dark blue/green/red, etc.  – қаракөк, қаражасыл, қарақошқыл ¨Darker colours are more practical and don't show stains. – Қоңырқай түс кигенге жақсы, кір шалса, байқалмайды.  3.қара, қарасұр, сұр, қара түстес, түнерген ¨a dark suit – қара не сұр костюм ¨dark clouds in the sky – аспандағы түнерген бұлттар 4.қоңырқай, қоңыр,  қара түстес (көз, шаш, тері ж) ¨Sue has long dark hair. – Сюдің шашы қара. ¨dark eyes – қара көздер ¨dark skin – бидай өңді (терісі күнге күйген) ¨a dark handsome stranger – бидай өңді бейтаныс 5. беймәлім, белгісіз ¨There are no dark secrets in our family. – Жанұямыздың ешбір беймәлім құпиялары жоқ. 6.(ауысп. мағ.) көлеңке, көлеңкелі тұс, жаман жақ ¨There was a darker side to his nature. – Оның болмысының жаман жағы да болған. ¨the dark forces of the imagination – қиялдың әзәзіл күштері 7.(ауысп. мағ.) қараңғы, түнек ¨the darkest days of Fascism – қараңғылық жамылған фашизм заманы 8. (idm) *a dark horse a) (Brit) сырын ішіне түйген адам, үндемес b) көлденең көк атты, ойда жоқ та жеңген адам *keep smth dark (Brit, ауызекі) айтпау, құпия ұстау B.n 1.қараңғы, түн ¨All the lights went out and we were left in the dark. – Барлық шам сөнді де біз қараңғыда қалдық. ¨animals that can see in the dark – қараңғыда (түнде) көре алатын жануарлар 2.қара, сұр, сұрғылт түс ¨patterns of light and dark – ашық және көлеңке түсті тұстар 3.(idm) *after/before dark күн батқаннан соң/күн батқанға дейін ¨Try to get home before dark. – Күн батқанға шейін үйге жет. ¨Don't go out alone after dark. – Кеш батқан соң жалғыз тысқа шықпа. *in the dark (about smth) білмей, хабарсыз ¨Workers were kept in the dark about the plans to sell the company.  – Компанияның сатылатыны туралы жұмысшылар білмеген. ¨She arrived at the meeting as much in the dark as everyone else.  – Ол жиналысқа басқала сияқты ештеңе де білмей келді. *a shot/stab/leap in the dark тәуекел ету, әупірімдеу, долбармен істеу, бақ сынау ¨It’s hard to know exactly what to do – we’ll just have to take a shot in the dark. – Не істеу керек екендігін білу қиын – тәуекел етіп көрелік.