day [deɪ] n 1. күн, тәулік ¨I saw Tom three days ago. – Мен Томды үш күн бұрын көргенмін. ¨‘What day is it today?’ ‘Monday.’ - ‘Бүгін қай күн?’ ‘Дүйсенбі.’ ¨We're going away in a few days/in a few days' time. – Бірнеше күннен соң біз басқа жаққа кетеміз. ¨They left the day before yesterday. – Олар алдыңғы күні кетті. ¨We're meeting the day after tomorrow. – Бүрсүгүні кездесеміз. ¨Take the medicine three times a day. – Дәріні күніне үш рет іш. ¨You can go another day. – Басқа бір күні барарсың. ¨a seven-hour working day – жеті сағаттық жұмыс күні 2. күн (таңертеңнен кешке дейін), күндіз ¨The sun was shining all day. – Күн күні бойы жарқырап тұрды. ¨I could sit and watch the river all day long. – Мен күні бойы өзен ағысына қарап отыра беретінмін. ¨He works at night and sleeps during the day. – Ол түнде жұмыс істеп, күндіз дем алады. 3.күн, кез, уақыт, заман ¨in Queen Victoria's day – Королева Виктория дәуірінде ¨the early days of computers – компьютерлер алғаш пайда болған кездерде ¨Most women stayed at home in those days. – Ол уақытта (заманда) әйелдер үйде отыратын (яғни, үй шаруасына қарайтын). ¨in the old days – баяғыда, бұрынғы уақытта 4.(idm) *all in a day's work күнделікті шаруа, іс ¨Injecting animals is all in a day’s work for a vet. – Ветеринар үшін жануарларға егу (укол салу) күнделікті тіршілік. *any day (now) (ауызекі) жуырда, жуық арада ¨The letter should arrive any day now. – Хат әне-мәне келіп қалады. *carry/win the day (кітаби) (қиындыққа қарамастан) табысты болу ¨Despite strong opposition, the ruling party carried the day. – Оппозицияның мықты болғанына қарамастан, билеуші партия табысқа жетті. *in the cold light of day асықпай ойланып; таңертеңгісін, бас қатпай тұрған кезде ойланып дег мағ ¨These things always look different in the cold light of day. – Асықпай-саспай қарағанда мұндай мәселелердің анық-қанығы ашыла түседі. *day after day күн сайын ¨She hates doing the same work day after day. – Ол бір жұмысты күн сайын істегенді жеккөреді. *day by day күн өте, күннен күнге ¨Day by day his condition improved. – Күн өте оның жағдайы жақсарды. *day in, day out күн сайын, ылғи да ¨Day in, day out, no matter what the weather is like, she walks ten miles. – Күн сайын, ауа райының қандай болмасына қарамастан ол он миль жүреді. *a day of reckoning сазайын тартатын, жауап беретін күн келеді дег мағ ¨You’re enjoying yourself now, but a day of reckoning will come. – Мәз болып, рахат өмір кешіп жатырсың, алайда сын сағат әлі туады. *smb's/smth's days are ˈnumbered біреудің/бірн-ң күні санаулы дег мағ ¨His days as leader of the party are numbered. – Оның партия жетекшісі ретіндегі күндері санаулы. ¨Whatever the protests, the school's days are numbered and it will be closed down. – Кім қалай қарсы болса да, мектептің ғұмыры сануалы, әйтеуір бір жабылады. *from day one (ауызекі) алғашқы күннен бастап *from day to day (a) бір күнгі тіршілікпен ғана, күнелтіп қана ¨They live from day to day, looking after their sick daughter. – Олар ауру қыздарына қарап, күнделікті күйкі тірлікпен жүр. (b) күн сайын, күннен күнге ¨A baby's need for food can vary from day to day. – Сәбидің тамақ ішуі күннен күнге өзгеріп отыруы мүмкін. *from one day to the next келесі күні, ертеңінде ¨I never know what to expect from one day to the next. – Келесі күні не боларын білу қиын. *have had one’s day дәурені, уақыты өту ¨She's had her day as a supermodel. – Оның супермодель ретіндегі күні өткен. *have seen/known better days (қалж) бұдан да жақсы болған ¨Our car has seen better days! – Машинамыз бір кездері бұдан да жақсы жүгіретін. *if he's, she's, etc. a day (ауызекі) жоқ дегенде, ең болмаса ¨He must be 70 if he's a day! - Жоқ дегенде ол 70-те болуы керек. *in smb's day (a)өз заманында, дәуірінде ¨She was a great dancer in her day. – Кезінде ол керемет биші болатын. (a)жас кезінде, біреу өмір сүрген кезде ¨In my day, there were plenty of jobs when you left school. – Жас күнімде мектеп бітіргендерді көптеген жұмыс күтіп тұратын. ¨In Grandfather's day, owning a television was very unusual. – Атам өмір сүрген кезде телевизор екінің бірінде болмаған. *in this day and age қазіргі заманда *it's not smb's day (ауызекі) бүгін жолы болмады дег мағ ¨My car broke down and then I locked myself out—it's just not my day! - Машинам сынып қалған соң, ішке кірдім дағы есікті жауып жатып алдым – о күн мен үшін сәтсіз болды. *make smb's day жолы болу, көңілі көтерілу ¨The phone call from Mike really made my day. – Майк маған телефон шалып, бір серпіліп қалдым. *make a day of it (ауызекі) күнін бірнәрсе істеумен, т.с.с. өткізу ¨We took a picnic lunch to the river and made a day of it. – Біз өзенге тамақ алып барып іштік те күні бойы сол жақта болдық. *not have all day көп уақыты болмау ¨Come on! We don't have all day! – Тез бол! Уақыт аз! *of smb's day біреу өмір сүрген заманның ¨the best player of his day – заманының ең үздік ойыншысы *of the day белгілі бір күні дайындалатын ас, тағам ¨soup of the day – бүгінгі күннің супы (сорпасы) *one day (әйтеуір) бір күні, уақыт келгенде ¨One day, I want to leave the city and move to the country. – Бір күні мен қаладан ауылға кеткім келеді. ¨One day, he walked out of the house with a small bag and never came back. – Бір күні ол үйден шағын сумка арқалап кетті де қайта ешқашан оралмады. *one of these days бір күні (болашақта), көп уақыт өтпей ¨One of these days you'll come back and ask me to forgive you. – Көп уақыт өтпей-ақ қайта оралып, менен кешірім сұрайтын боласың. *one of those days (ауызекі) қиын, сәтсіз күн ¨It's been one of those days! - Ол бір қиын күн болды! *some day (әйтеуір) бір күні, уақыт келгенде ¨Some day I'll be famous. – Бір күні атағым шығады. *take it/things one day at a time (ауызекі) бүгінгі күнді ғана ойлау ¨I don't know if he'll get better. We're just taking it one day at a time. – Мен ол айығып кетеді ме, білмеймін. Біз бүгінгі күнді ғана ойлаймыз. *that'll be the day (ауызекі) ешқашан, қайдам дег мағ ¨Paul? Apologize? That'll be the day! – Пол? Кешірім сұрайды дейсің бе? Ешқашан. ¨“He says he’ll do the washing up.” “That'll be the day!” – «Ол жуып шығамын дейді». «Әй, қайдам!» *these days (ауызекі) қазіргі күндері
¨These days kids grow up so quickly. – Қазіргі кездері сәбилер тез жетіледі. *those were the days (ауызекі) «қайран, сол күндер-ай» дег мағ *to the day тура, дәп дег мағ ¨It's been three years to the day since we met. – Кездескенімізге дәп үш жыл болыпты. *to this day әлі күнге дейін, осы уақытқа дейін ¨To this day, I still don't understand why he did it. – Оның неге олай істегенін әлі күнге дейін ұқпадым. *back in the day бұрын, баяғыда ¨My dad’s always talking about how great everything was back in the day. – Менің әкем бұрынғы уақыттарда не нәрсенің болсын керемет болғанын айтып отырады. *back in the days сол уақыттарда, сол кездерде дег мағ ¨I was a fan back in the days when the band wasn’t yet famous. – Мен ол (музыкалық) топтың әлі атағы жер жармай тұрып-ақ жанкүйері болғанмын. *in all my born days [қ-з: born (B2)], *break of day/dawn [қ-з: break (B6)], *call it a day [қ-з: call (B9)], *(as) clear as day [қ-з: clear (A9)], *your good deed for the day [қ-з: deed], *every dog has his/its day [қ-з: dog], *it's early days (yet) [қ-з: early], *at the end of the day [қ-з: end], *end your days/life [қ-з: end], *the evil hour/day/moment [қ-з: evil], *from that day/time forth [қ-з: forth], *give me smth/smb (any day/time) [қ-з: give (A18)], *late in the day [қ-з: late], *live to fight another day [қ-з: live], *the livelong day [қ-з: livelong], *have a nice day! [қ-з: nice], *a nine days' wonder [қ-з: nine], *night and day/day and night [қ-з: night], *the good/bad old days [қ-з: old], *the order of the day [қ-з: order], *the other day/ morning/evening/week [қ-з: other], *pass the time of day [қ-з: pass], *(as) plain as day [қ-з: plain], *save, keep, etc. sth for a rainy day [қ-з: rainy], *your salad days [қ-з: salad], *save the day/situation [қ-з: save], *not give sb the time of day [қ-з: time]