dead [ded] A.adj 1.өлі, өлген, қайтыс болған, дүниеден озған ¨My mother's dead; she died in 1987. – Менің шешем жоқ; 1987 жылы қайтыс болған. ¨a dead person/animal – өлі адам/аң ¨dead leaves/wood/skin – өлі жапырақтар/ағаш/тері ¨He was shot dead by a gunman outside his home. – Оны қаруы бар біреу үйінің сыртында атып кетіпті. ¨Catherine's dead body lay peacefully on the bed. – Катериннің өлі денесі төсекте ешбір қаперсіз жатты. ¨He dropped dead last week. – Өткен жетіде ол аяқ астынан қайтыс болып кетті. ¨The poor child looks more dead than alive. – Байғұс бала тіріден гөрі өліге көп ұқсайды. ¨(ауысп мағ) In ten years he'll be dead and buried as a politician. – Он жылдан соң ол саясаткер ретінде құрдымға кетеді. ¨Many believe the peace plan is dead. – Көбі бейбітшілік орнату жоспары омақасты деп ойлайды. ¨Unfortunately racism is not yet dead. – Өкінішке орай, нәсілшілдік әлі де бой көрсетеді. ¨Though the idea may be dead, it is far from being buried. – Идея өлсе де, оны көмуге әлі ерте. ¨a dead language – өлі, жойылған тіл 2.(informal) біткен, тәмамдалған ¨There were two dead bottles of wine on the table. – Столда босаған екі шарап шөлмегі болды. 3.істемейтін, бұзылған ¨a dead battery – отырған (отырып қалған) батарея ¨The hard disk is dead. – Қатты дисктің шаруасы біткен екен. ¨Suddenly the phone went dead. – Аяқ астынан телефон істемей қалды. 3.(informal, disapproving) құлаққа ұрған танадай, жым-жырт, мүлгіген тыныштық ¨There were no theatres, no cinemas, no coffee bars. It was dead as anything. – Ол жерде не театр, не кинотеатр я болмаса кофеханалар да болмады. Мүлгіген тыныштық. 4. (informal, disapproving) тыныш, жұмыс істемеген ¨‘The market is absolutely dead this morning,’ said one foreign exchange trader. – «Бүгін таңертеңгісін айырбас базары тып-тыныш», деді бір валюта саудагері. ¨Winter is traditionally the dead season for the housing market. – Үй рыногы үшін қыс әдетте өлі кезең. 5. (informal) өлгенше шаршаған, құлай қалжыраған ¨half dead with cold and hunger – суық пен аштықтан құр сүлдері ғана қалған ¨She felt dead on her feet and didn't have the energy to question them further. – Ол белін көтере алмай шаршағанын сезді де оларды сұраққа алуға әрі қарай шамасы келмеді. 6.жан кетіп қалған, ұйып, қатып қалған (syn: numb) ¨My left arm had gone dead. – Сол қолымды сезе алмай қалдым. 7.~ to smth сезімсіз, құрғақ (syn: insensitive) ¨ He was dead to all feelings of pity. – Ол жаны ашу дегенді білмейтін. ¨ She said, ‘I'm sorry, too,’ in a quiet, dead voice. – Ол «обал бопты» деді жай әрі құрғақ дауыспен. ¨ His usually dead grey eyes were sparkling. – Оның әдетте жансыз сұр көздері жайнап тұрды. 8.мүлде, тіпті, еш ¨a dead silence/calm – тұяқ серіппіген тыныштық ¨ The car gave a sudden jerk and came to a dead stop. – Көлік кенеттен зырқ етіп барып тұрды да қалды. ¨(BrE) This horse is a dead cert for the race tomorrow. – Ертеңгі жарыста мына ат сөзсіз озып келеді. ¨She crumpled to the floor in a dead faint. – Ол еденге ес-түссіз сұлап түсті. 9. (idm) *be a dead ringer for smb (informal) біреуге қатты ұқсау, біреуден айнымау, аумау ¨She's a dead ringer for a girl I used to know. – Ол бұрын мен білген қыздан аумайды екен. *(as) dead as a/the dodo (BrE, informal) мүлде өлі, жарамайтын, күні өткен, т.с.с. *(as) dead as a doornail (informal) мүлде өлі, т.с.с. *a dead duck (informal) сәтсіз ақталған не сөзсіз сәтсіздікке ұшырайтын жоспар, іс-шара, т.с.с. *be dead and gone (informal) өлі болу ¨You'll be sorry you said that when I'm dead and gone. – Мен о дүниеге аттанған кезде осы айтқан сөзің үшін әлі де әттегенайлайсың. *the dead hand of smth кедергі, тұзақ (мағынасында) ¨We need to free business from the dead hand of bureaucracy. – Біз бизнесті бюрократияның бұғауынан босатуымыз керек. *dead in the water жолы болмаған, үмітсіз адам ¨His leadership campaign is dead in the water. – Оның басшылықты алмақ болған науқаны тұралап қалды. *dead meat (informal) қиындыққа, пәлеге душар болған ¨If anyone finds out, you're dead meat. – Біреу-міреу біліп қойса – өлгенің. *dead on arrival (abbr DOA) 1.(апат құрбаны я науқас жөнінде) ауруханаға жетпей көз жұмған ¨She was pronounced dead on arrival. – Оның емханаға жеткенге шейін көз жұмғаны жайлы мәлім етілді. 2.(NAmE, informal) сәтсіз болатын, шарасыз ¨The bill was dead on arrival in the Senate. – Сенатқа жеткенше заң жобасының шаруасы бітті. ¨The software was DOA. – Компьютерлік техника жеткенше жарамсыз болып қалыпты. *dead to the world тез ұйқыға кеткен, қор ете түскен *over my dead body (informal) ешқашан (деген мағ) ¨She moves into our home over my dead body. – Ол бұл үйдің табалдырығын ешқашан аттамайды. *smb wouldn't be seen/caught dead… (informal) ешқашан белгілі бір киімдер кимес едің не пәлендей жағдайда болмас едің дег мағ ¨She wouldn't be seen dead in a hat. – Ол өлсе де шляпа кимейді. ¨He wouldn't be caught dead going to a club with his mother. – Ол өлсе де шешесімен бірге клубқа бармайды. B.n the ~ 1.өлгендер, қайтыс болғандар ¨The dead and wounded in that one attack amounted to 6 000. – Сол шабуылда қаза болғандар мен жараланғандардың саны 6000-ға жетті. 2.өлілік, өлі болу ¨Christians believe that God raised Jesus from the dead. – Христиандар құдай Иса пайғамбарды тірілтті деп сенеді. ¨(ауысп мағ) In nine years he has brought his party back from the dead almost to the brink of power. – Тоғыз жылда ол өлі партияны тірілтіп, билікті алқымдады. 3. (idm) *in the dead of night (BrE also at dead of night) түн тыныштығы ¨I crept out of bed in the dead of night and sneaked downstairs. – Жұрт ұйқыға кеткенде мен төсектен еппен тұрып, астыға ұрлана түстім. *in the dead of winter қыстың ең суық кезінде C.adv. (informal) 1.мүлде, тіпті ¨You're dead right! – Сен дұп-дұрыссың (тұп-турасың)! ¨(BrE) a dead straight road – түп-түзу (тіп-тіке) жол ¨(BrE) The train was dead on time. – Поезд дәл сол уақытта келді. ¨He's dead against the idea. – Ол ана идеяға (ойға) үзілді-кесілді қарсы. ¨The sight made him stop dead in his tracks. – Ол көрсе сала кілт тоқтады. ¨She's dead set on getting this new job. – Ол қайтсем де ана жұмысқа тұрамын деп отыр. 2.(BrE, informal) өте, мүлде, т.с.с.¨The instructions are dead easy to follow. – Нұсқауларды орындау оп-оңай. ¨You were dead lucky to get that job. – Ана жұмысқа тұрып жолың болған екен. ¨I was dead scared. – Қорыққаннан зәрем зәр түбіне кетті. *cut smb dead (BrE) біреуді көрмегенсу, байқамаған болу ¨She saw me, recognized me and cut me dead. – Ол мені көріп, танып тұрып, ләм демеді.