deal [di:l] A.v (dealt, dealt [delt]) 1.~ (smth) (out) (to smb); ~ smb smth карта ойнында карта тарату ¨Whose turn is it to deal? – Карта тарататын кімнің кезегі? ¨Start by dealing out ten cards to each player. – Әр ойыншыға он картадан таратқын. ¨He dealt me two aces. – Маған ол екі туз беріпті. 2.~ (smth) есірткі, наркотик алу, сату ¨You can often see people dealing openly on the streets. – Кейде ашықтан ашық көшеде есірткі саудалап тұрған адамдарды көріге болады. 3. (idm) *deal smb/smth a blow/deal a blow to smb/smth (formal) 1.біреу/бірнәрсе үшін өте ауыр я зиянды болу ¨Her sudden death dealt a blow to the whole country. – Оның күтпеген жерден қайтыс болуы үй ішіне ауыр соққы болды. 2.ауыр соққы беру 4.(phr v) *deal in smth a) (саудамен, т.с.с.) айналысу (syn: trade in) ¨The company deals in computer software. – Компания компьютер бөлшектерімен айналысады. b) айналысу, шұғылдану ¨We don't deal in rumours or guesswork. – Біз өсек-аяңмен не бал ашумен айналыспаймыз. *deal smb in (informal, especially NAmE) біреуді қосу, тарту ¨That sounds great. Deal me in! – Мынай ойың тамаша ғой! Мені де қоссаңшы! *deal smth out a) тарату, үлестіру (syn: distribute) ¨The profits were dealt out among the investors. – Пайданы инвесторларға таратып берді. b) жаза кесу, сот үкімін шығару ¨Many judges deal out harsher sentences to men than to women. – Көптеген судьялар әйелдерге қарағанда ерлерді ауырырақ жазаға кеседі. *deal with smb айналысу, шұғылдану (syn: handle) ¨She is used to dealing with all kinds of people in her job. – Жұмыс барысында адамдардың қай-қайсысымен де істесіп үйренген. *deal with smb/smth (біреумен, бірнәрсемен, тс.с.) айналысу, шұғылдану, істесу *deal with smth a) айналысу, шұғылдану ¨to deal with enquiries/issues/complaints – сауалдармен/мәселелермен/шағымдармен айналысу, шұғылдану ¨Have you dealt with these letters yet? – Мына хаттармен айналысып үлгердің бе? ¨He's good at dealing with pressure. – Ол қиындыққа төтеп беріп үйренген/қиын кезде жақсы жұмыс істейді. b) бірнәрсе жайлы болу ¨Her poems often deal with the subject of death. – Оның өлеңдері көбінесе өлім жайлы жазылған. B.n 1.a good/great ~ көп, әжептәуір ¨They spent a great deal of money. – Олар көп ақша жаратты. ¨It took a great deal of time. – Бұл көп уақыт алды. ¨I'm feeling a good deal better. – Мен кәдімгідей тәуір болып қалдым. ¨We see them a great deal. – Біз оны ылғи көреміз. 2.(іскерлік) байлам, келісім ¨to make/sign/conclude/close a deal (with smb) – байламға келу, келісім жасау, келісімге қол қою ¨(informal) Did you cut a deal? – Келісе алдың ба/байламға келе алдыңба? ¨We did a deal with the management on overtime. – Артық уақыт істеген жұмыс жөнінде басқармамен келісімге келдік. ¨They were hoping for a better pay deal. – Олар жақсы ажалқы жөнінде бір байламға келеміз деп үміттеніп жүрген болатын. ¨A deal was struck after lengthy negotiations. – Ұзақ келіссөздерден кейін тараптар бір байламға келді. ¨The deal fell through. – Тараптар келісе алмады. ¨I got a good deal on the car. – Машинаны жақсы бағаға алдым. ¨It's a deal! – Келістік!/Әкел қолды! ¨Listen. This is the deal. – Тыңда. Бізге керегі осы. 3.енші; қамқорлық, көңіл бөлу, оң қарас (дег мағ) ¨If elected, the party has promised a new deal for teachers. – Сайланса, партия мұғалімдердің жағдайына көңіл бөлеміз деп уәде берді. ¨They knew they'd been given a raw/rough deal. – Олар өздерінің еленбегенін түсінді. ¨We tried to ensure that everyone got a fair deal. – Бәріне де тең енші беруге тырыстық. ¨It was a square deal for everyone. – Барлығының да еншісі бірдей болды. 4.ойын картасын тарату, үлестіру ¨It's your deal. – Картаны енді сен таратасың. 5. (especially BrE) (шырша не қарағайдан жасалған) тақтай ¨a deal table – тақтай(дан жасалған) стол 6.(idm) *what's the deal? (informal) не болып жатыр (дег мағ) ¨What's the deal? Do you want to go out or not? – Не болып жатыр? Тысқа шығасың ба, жоқ па?