decisive [dɪˈsaɪsɪv] adj 1.ақтық, шешуші ¨a decisive factor/victory/battle – ең маңызды фактор/ірі жеңіс/ақтық шайқас ¨Climate was a decisive factor in establishing where the tournament should be held. – Сайыстың өтер жерін анықтар кезде климат бірінші кезекте ескерілді. ¨She has played a decisive role in the peace negotiations. – Бейбіт келіссөздерде ол (әйел) ең басты рөл атқарды. ¨a decisive step towards a cleaner environment – таза айналаға (қоршаған ортаға) жетудегі ең маңызды қадам 2.батыл, өжет, табанды (opp: indecisive) ¨decisive management – табанды басқарма (менеджмент) ¨The government must take decisive action on gun control. Қаруды бақылауда үкімет батыл шараларға баруы керек.