declare [dɪ'kleə(r)] v 1. ~ sth; ~ that…; ~ sth to be sth; мәлімдеу, жариялау ¨The government has declared a state of emergency. – Үкімет төтенше жағдай жариялады. ¨Germany declared war on France on 1 August 1914. – Германия Францияға 1914 жылдың 1 тамызында соғыс жариялады. ¨The government has declared war on illiteracy. – Үкімет сауатсыздыққа қарсы соғыс ашты. ¨The court declared that strike action was illegal. – Сот ереуілді заңсыз деп тапты. ¨The area has been declared a national park. – Аймақ ұлттық парк деп жарияланды. ¨The painting was declared to be a forgery. – Суреттің жалған екені мәлімделді. ¨The contract was declared void. – Контракт жарамсыз деп танылды. ¨I declare this bridge open. – Мен мына көпірді ашық деп жариялаймын. 2. ~ that…; ~ yourself жария ету, мәлімдеу ¨‘I'll do it!’ Tom declared. – «Бұны мен істеймін», деді Том еш іркілместен. ¨He declared that he was in love with her. – Ол (жігіт) оған (қызға) ғашық екенін жайып салды. ¨Few people dared to declare their opposition to the regime. – Бірнеше адамның ғана өздерінің режимге қарсы екенін айтуға шамасы келді. ¨She declared herself extremely hurt by his lack of support. – Одан (ерекектен) еш қайыр болмауы өзін азапқа салғанын айтты ол (әйел). 3.~ sth (салық органдарына) өз кірісін, табысын жария ету ¨All income must be declared. – Кірістің барлығы да (салық декларациясында) көрсетілуі/жариялануы керек. 4.~ sth кеден органдарына сырттан ікелген затты жария ету, көрсету ¨Do you have anything to declare? – Көрсететін еш затыңыз жоқ па? 5.(phr v) *declare against sb/sth (BrE, formal) (біреуге/бірн-ге) қарсы шығу, қарсы екенін мәлімдеу *declare for sb/sth (BrE, formal) (біреуді/бірн-ні) қолдау, қолдайтынын мәлімдеу