deep [diːp] A.adj (-er, -est) 1. терең (opp: shallow) ¨a deep hole/well/river – терең ойық/құдық/өзен ¨deep water/snow – терең су/омбы қар ¨a deep cut/wound – қатты тілінген жара ¨a deep space – ұлан-ғайыр кеңістік ¨The water is only a few inches deep. – Су бірнеше дюйм ғана терең. ¨How deep is the wound? – Жара қатты тілініп пе? ¨She took a deep breath. – Ол терең дем алды. ¨He gave a deep sigh. – Ол терең күрсінді. ¨a deep roar/groan – дабыра/ауыр ыңырану ¨a rich deep red – қып-қызыл ¨to be in a deep sleep/trance/coma – қатты ұйқыда/ауыр транста/комада болу ¨He's in deep trouble. – Ол үлкен пәлеге душар болды. ¨a deep economic recession – ауыр экономикалық тоқырау ¨The affair had exposed deep divisions within the party. – Бұл мәселе партия ішіндегі терең жікті жалаңаштап берді. ¨deep respect – терең құрмет ¨a deep sense of loss – аса ауыр тиген қаза ¨a deep understanding – терең білу 2.-deep (in adjectives) терең ¨The water was only waist-deep so I walked ashore. – Су белден ғана келді, сөйтіп жағаға жүріп шықтым. 3.қатар ¨They were standing three-deep at the bar. – Барда олар үшінші қатарда тұрды. 4.түсінуге қиын (syn: profound) ¨This discussion's getting too deep for me. – Мына дискуссияны ұғудан қалып барамын. 5.~ in sth беріле айналысу, шұғылдану ¨to be deep in thought/conversation – қалың ойға шому/қызу әңгімеге кірісу ¨He is often so deep in his books that he forgets to eat. – Ол кітаптан бас алмай, көбінесе тамақ жеуді де ұмытып кетеді. ¨The firm ended up deep in debt. – Фирма қарызға белшесінен батты. 6.(адам ж.) тұйық, сыр бермейтін ¨She's always been a deep one, trusting no one. – Ол ешкімге сенбейтін тұйық әйел еді. 7.(спортта) алысқа тебілген, ұрылған ¨a deep ball from Beckham – Бекһәмнің (Бэкхэм) алыстан тепкен добы 8.(idm) *go off the deep end (informal) күрт ашулану, сезімге берілу, толқу *in deep water(s) (informal) қиындыққа белшесінен батқан *jump/be thrown in at the deep end (informal) өзіне беймәлім бір іске кірісу ¨Junior hospital doctors are thrown in at the deep end in their first jobs. – Жұмысқа енді кіріскен жас дәрігерлерді талай хикая күтіп тұр. B.adv 1.(deeper, deepest) ~ (below, into, under, etc.) тереңдете, сұғына ¨Dig deeper! – Тереңдете қаз! ¨The miners were trapped deep underground. – Шахтерлер терең шахтада қамалып қалыпты. ¨whales that feed deep beneath the waves – терең су астында қорек аулайтын киттер ¨He gazed deep into her eyes. – Ол оның (қыздың) көздеріне үңіле қарады. ¨They sat and talked deep into the night. – Олар түннің бір уағына шейін әңгімелесті. ¨deep in the forest – орманның ішіне ұзап кеткен ¨He stood with his hands deep in his pockets. – Ол екі қолын екі қалтасына көме тұрды. 2.(idm) *deep down жүрек түкпірінде, іштей ¨Deep down I still loved him. – Жүрегімнің түкпірінде мен оны әлі сүйетінмін. ¨He seems confident but deep down he's quite insecure. – Ол сырт көзге батыл көрінгенмен, іштей осал тұстарын білетін. *go/run deep (көңіл-күй, наным, тсс ж.) терең, қатты ¨Feelings about the death of a parent are bound to go deep. – Ата-анаң өлгенде терең қайғыға душар боласың. ¨Dignity and pride run deep in this community. – Бұл қауым намысқа берік. C.n the ~ (literary) теңіз ¨His body was committed to the deep. – Оның денесін теңізге берді (жерленді).