defend [dɪˈfend] v 1. ~ sb/yourself/sth; ~ sb/yourself/sth from/against sb/sth; ~ against sb/sth қорғау, қору ¨Troops have been sent to defend the borders. – Шекараны қорғау үшін әскер жөнелтілді. ¨All our officers are trained to defend themselves against knife attacks. – Офицерлеріміздің барлығы да пышақтан қорғану үшін машықтанған. ¨The male ape defends his females from other males. – Еркек маймыл өзінің қарамағындағы ұрғашыларды бөтен еркектерден қориды. ¨It is impossible to defend against an all-out attack. – Жаппай (тұс-тұстан лап берген) шабуылдан қорғану мүмкін емес. 2. ~ sth; ~ sb/yourself/sth from/against sb/sth қолдау, ақтау, жақтау, қорғау ¨How can you defend such behaviour? – Мынандай жүріс-тұрысты қалай ақтай аласың? ¨He defended his decision to punish the boy. – Баланы жазалу жөніндегі шешімін ол қорғады. ¨Politicians are skilled at defending themselves against their critics. – Саясаткерлер өздерін ақтауға келгенде алдына жан салмайды. 3.~ (sth) (спортта) қорғау (opp: attack) ¨He is defending champion. – Ол чемпиондық атағын қорғауда. ¨She will be defending her title at next month's championships. – Келесі айдағы чемпионатта ол өз атағын қорғайды. ¨(politics) He intends to defend his seat in the next election. – Ол өзінің депутаттық қызметін келесі сайлауда қорғамақшы. 4.~ (sb/yourself) (сотта) қорғау ¨He has employed one of the UK's top lawyers to defend him. – Қорғау үшін ол Баританияның ең мықты адвокатын жалдады. ¨Smith has announced that she will defend herself in the case. – Смит сотта өзін-өзі қорғайтынын мәлімдеді.