deflect [dɪˈflekt] v 1.(басқа бір нәрсеге тиіп) ыршу, тиіп ыршу; (соққыны) қайтару, тойтару ¨The ball deflected off Reid's body into the goal. – Доп Ридтің денесінен ыршып барып, қақпаға енді. ¨He raised his arm to try to deflect the blow. – Ол соққыны тойтару үшін қолын көтерді. 2.~ sth басқа жаққа бұру, алдын алу (syn: divert) ¨All attempts to deflect attention from his private life have failed. – Жеке өміріне деген ел ынтасын басқа жаққа бұрмақ әрекеттен ештеңе өнбеді. ¨She sought to deflect criticism by blaming her family. – Ол өз отбасын кінәләу арқылы өзіне айтылған сынды басқа жаққа бұрғысы келді. 3.~ sb (from sth) айн(ыт)у ¨The government will not be deflected from its commitments. – Үкімет өз міндеттемелерінен таймайды.