defy [dɪˈfaɪ] v (defies, defying, defied, defied) 1.~ sb/sth елемеу, бағынбау, мойынсұнбау, тыңдамау ¨I wouldn't have dared to defy my teachers. – Мұғалімдерімді тыңдамауға батылым бармас еді. ¨Hundreds of people today defied the ban on political gatherings. – Жүздеген адам бүгін саяси жиындарға салынған тыйымды елемей көшеге шықты. 2.~ belief, explanation, description, etc. сену, түсіндіру, сипаттау қиын, мүмкін емес дег мағ ¨a political move that defies explanation – түсініп болмайтын саяси қадам ¨The beauty of the scene defies description. – Керемет көріністі суреттеу мүмкін емес. ¨The problem defied solution. – Проблеманың шешімін табу өте қиын еді. 3. ~ sth төтеп беру ¨The baby boy defied all the odds and survived. – Бала адам айтқысыз қиындықтарға төтеп беріп, тірі қалды. ¨The army defied the enemy’s forces. – Армия жау күштеріне төтеп бере алды. 4. (idm) *I defy you/anyone to do sth өйтпеу мүмкін емес дег мағ ¨I defy anyone not to cry at the end of the film. – Фильмнің соңында көзге жас алмау мүмкін емес. ¨I defy you to leave without buying something. – (Ол тамаша дүкеннен) бірдеңе сатып алмай шығу мүмкін емес.