depend [dɪˈpend] v 1. (idm) *depending on байланысты, (бірн-ге) қарай ¨Starting salary varies from £26 000 to £30 500, depending on experience. – Бастапқы жалақы £26 000 мен £30 500 арасында, тәжірибесіне қарай. ¨He either resigned or was sacked, depending on who you talk to. – Ол жұмыстан я өзі кетті, не оны кетірді – әркім әртүрлі айтады. *that depends/it (all) depends түрлі жағдайға байланысты дег мағ ¨‘Is he coming?’ ‘That depends. He may not have the time.’ – «Ол келе ме?» «Кім білсін. Уақыты болмауы мүмкін». ¨I don't know if we can help - it all depends. – Көмек бере аламыз ба, жоқ па білмеймін – жағдай көрсетеді.  ¨I might not go. It depends how tired I am. – Бармауым да мүмкін. Шаршап-шаршамағаныма байланысты. ¨‘Your job sounds fun.’ ‘It depends what you mean by ‘fun’.’ – «Жұмысың қызық екен». ««Қызық» дегенде нені меңзеп тұр екенсің(-сіз)». ¨I shouldn't be too late. But it depends if the traffic's bad. – Соншама кешікпеуім керек. Бірақ көліктің жөңкілісі қалай болар екен. 2. (phr v) *depend on/upon sb/sth (to do sth) a) (біреуге/бірн-ге) сену, сүйену, тәуелді болу ¨He was the sort of person you could depend on. – Ол сенуге/сүйенуге болатын адам еді. ¨He knew he could depend upon her to deal with the situation. – Жағдаймен айналысу үшін ол оған сүйене алатынын білді. b) бірнәрсе болады деп сену я күту (syn: count on) ¨Depend upon it we won't give up. – Бой бермейтінімізде күмәнің болмасын. ¨Can we depend on you coming in on Sunday? – Сені (сіз(дер)ді) жексенбі күні келеді деп ойласақ бола ма? ¨(formal) You can depend on his coming in on Sunday. – Оның жексенбі күні келетініне еш шүбәланба(ңдар). ¨(ironic) You can depend on her to be late. – Кешігу – оның әдеті. *depend on/upon sb/sth (for sth) тәуелді болу, қолына қарау ¨The community depends on the shipping industry for its survival. – Қауым тасымалдау (транспорт) индустриясының арқасында күн көреді. ¨I don't want to depend too much on my parents. – Ата-анама соншама тәуелді болғым келмейді. ¨Does the quality of teaching depend on class size?Оқу сапасы класс (сынып) мөлшеріне байланысты ма? ¨It would depend on the circumstances. – Бұны жағдай көрсетеді. ¨Whether we need more food depends on how many people turn up. – Бізге қосымша тамақ қажет пе, жоқ па – келетін қонақтың санына байланысты.