depression [dɪˈpreʃn] n 1.депрессия, торығу, құлазу ¨clinical depression – клиникалық депрессия ¨She suffered from severe depression after losing her job. – Жұмысынан шығып қалғаннан соң ол қатты торықты. ¨There was a feeling of gloom and depression in the office when the news of the job cuts was announced. – Жұмыс орнының азаятыны жөніндегі хабар жария болғанда кеңсені көңілсіздік пен торығу жайлай бастады. 2.тоқырау, депрессия ¨The country was in the grip of (an) economic depression. – Елді экономикалық тоқырау бүріп тұрған еді. ¨the great Depression of the 1930s – 1930 жылдардағы Ұлы депрессия (тоқырау) 3. (formal) ойпат, ой, ойыс, ойпаң, ойық, жазық (syn: hollow) ¨Rainwater collects in shallow depressions on the ground. – Жаңбыр суы жер-жерлердегі таяз ойыстарға жиналады. 4.(technical) төмен атмосфералық қысым, ауа қысымының төмендігі ¨an atmospheric depression moving east from the Atlantic – Атлант мұхитынан шығысқа жылжып бара жатқан төменгі қысымдағы ауа ағыны