depth [depθ] n тереңдік ¨What's the depth of the water here? – Мына жерде су қаншалықты терең? ¨Water was found at a depth of 30 metres. – Су 30 метр тереңнен шықты. ¨They dug down to a depth of two metres. – Олар екі метр тереңге қазды. ¨Many dolphins can dive to depths of 200 metres. – Көптеген дельфиндер 200 метр тереңге дейін сүңги алады. ¨The oil well extended several hundreds of feet in depth. – Мұнай көзі бірнеше жүз фут тереңдікке дейін кетіп жатты. ¨the depth of a cut/wound/crack – тіліктің/жараның/сызаттың тереңдігі ¨The depth of the shelves is 30 centimetres. – Сөрелердің (шкафтардың) тереңдігі (ені) 30 см. ¨the depth of her love – оның махаббатының тереңдігі (күштілігі) ¨a writer of great wisdom and depth – данышпан да ойы тұңғиық жазушы ¨a job that doesn't require any great depth of knowledge – пәлендей білімді қажет етпейтін жұмыс ¨His ideas lack depth. – Оның идеялары – шалағай. 2.терең, тұңғиық ¨the depths of the ocean – мұхит тұңғиықтары ¨to live in the depths of the country – елдің шалғай аудандарында тұру ¨in the depths of winter – қыс қаһарына мінген кезде ¨She was in the depths of despair. – Оның әбден торыққан кезі еді. ¨He gazed into the depths of her eyes. – Жігіт қыз көздерінің тұңғиығына үңіле қарады. ¨Her paintings reveal hidden depths. – Оның суреттері астарлы тұстарды көрсетеді. ¨Strong light will affect the depth of colour of your carpets and curtains. – Қатты жарық кілемдеріңіз бен перделеріңіздің реңкін аша түседі. 3.(idm) *in depth егжей-тегжейлі, жан-жақты, бүге-шігесіне дейін ¨I haven't looked at the report in depth yet. – Баяндамаға әлі үңіліп қарамадым. ¨an in-depth study – жан-жақты зерделеу *be out of your depth a) (BrE) бойдан асатын тереңдікте болу ¨If you can't swim, don't go out of your depth. – Жүзе алмасаң, бойыңнан асатын жерге барма. b) шамасы келмей қалу дег мағ ¨He felt totally out of his depth in his new job. – Жаңа жұмысын игеруге оның мүлде шамасы келмей қалды.