description [dɪˈskrɪpʃn] n 1.~ (of sb/sth) сипаттау, (ауызша) суреттеу ¨to give a detailed/full description of the procedure – процедураның егжей-тегжейлі/толық суреттемесін беру ¨a brief/general description of the software – компьютерлік программаның қысқа/жалпы сипаттамасын беру ¨Police have issued a description of the gunman. – Полиция қарулы адамның сипаттамасын жариялады. ¨‘Scared stiff’ is an apt description of how I felt at that moment. – Сол кезде қорыққанымнан қатып қалдым десем болады. ¨a personal pain that goes beyond description – тілмен айтып жеткізе алмайтын қиналыс ¨the novelist's powers of description – жазушының суреттеу құдіреті 2. of some, all, every, etc. ~ ұқсас, сияқты, тәрізді ¨boats of every description/all descriptions – кез-келген/барлық түрдегі/типтегі қайықтар ¨Their money came from trade of some description. – Олар ақшаны сауданың белгілі бір түрлерінен тапты. ¨medals, coins and things of that description – сол сияқты медальдар, монеталар және нәрселер 3. (idm) *answer/fit a description (of sb/sth) біреуге, бірн-ге ұқсаған ¨A child answering the description of the missing boy was found safe and well in London yesterday. – Жоғалған ер балаға ұқсаған бала кеше Лондонда аман-сау табылды.