desire [dɪˈzaɪə(r)] A.n 1.~ for sth; ~ to do қалау, тілек, құмарлық ¨enough money to satisfy all your desires – қалағаныңның бәріне жететін ақша ¨a strong desire for power – билікке құмарлық ¨She felt an overwhelming desire to return home. – Ол үйіне сондай/өте кеткісі келіп кетті. ¨(formal) I have no desire to discuss the matter further. – Мәселені бұдан әрі талқылағым келмейді. ¨(formal) He has expressed a desire to see you. – Ол сенімен кездескісі келетінін білдірді. 2.~ (for sb) ынтықтық, құмарлық, нәпсісінің қозуы ¨She felt a surge of love and desire for him. – Оны (қызды) оған (жігітке) деген махаббат пен ынтықтық сезімі кернеді. 3.қалаған адам я зат ¨When she agreed to marry him he felt he had achieved his heart's desire. – Ол (қыз) оған тұрмысқа шығуға келісімін берген кезде ол (жігіт) жүрек қалауына қолы жеткендей сезінді. B.v 1.(formal) ~ sth; ~ (sb/sth) бірнәрсе істегісі келу, қалау, тілеу ¨We all desire health and happiness. – Бәріміздің де аман-сау, бақытты болғымыз келеді. ¨The house had everything you could desire. – Үйде керек-жарақтың бәрі де болды. ¨The dessert can be topped with cream, if desired. – Қаласаң(ыз), десерттің үстіне крем жағуға болады. ¨The medicine did not achieve the desired effect. – Дәрі тиісінше әсер етпеді. 2.~ sb ынтығу, құмарту ¨He still desired her. – Ол жігіт қызға әлі ынтығып/құмартып жүрді. 3.(idm) *leave a lot, much, something, etc. to be desired ойдағыдай болмау, талаптарға, қажетке сай болмау ¨The service in the restaurant left a lot to be desired. – Ресторандағы қызметтің деңгейі біршама төмен екен.