desperate [ˈdespərət] adj 1.торыққан, ашынған, жанталасқан ¨The prisoners grew increasingly desperate. – Қамаудағылар әжептәуір торыға бастады. ¨Stores are getting desperate after two years of poor sales. – Екі жыл қатарынан болған сауда-саттықтың нашарлығынан дүкендер абыржи бастады. ¨Somewhere out there was a desperate man, cold, hungry, hunted. – Беймәлім тұста торыққан адам жүрді – суық діңкелеткен, ашыққан әрі артына қуғын түскен. ¨I heard sounds of a desperate struggle in the next room. – Келесі бөлмеден жанталасқан арпалыстың дабырын естідім. 2.жанталасқан, жан ұшырған ¨a desperate bid for freedom – жанталаса бостандыққа ұмтылыс ¨She clung to the edge in a desperate attempt to save herself. – Өзін құтқармақ болып, ол жанталаса шетке жармасты. ¨His increasing financial difficulties forced him to take desperate measures. – Қаржы жағдайының ушығуы оны жанталасқан қадамдарға итермеледі. ¨Doctors were fighting a desperate battle to save the little girl's life. – Нәресте қыздың жанын сақтап қаламыз деп дәрігерлер жанталаса күресіп жатты. 3.~ (for sth); ~ (to do sth) жан ұшырған, өте қалаған, өте керек қылған ¨He was so desperate for a job he would have done anything. – Оның жұмыс тапқысы келгені соншама, бәріне баруға дайын болатын. ¨(informal) I'm desperate for a cigarette. – Паһ, бір шылым болса ғой. ¨I was absolutely desperate to see her. – Мен оны жан-тәніммен көргім келді. ¨The children are in desperate need of love and attention. - Махаббат пен көңілге зәру балалар. ¨They face a desperate shortage of clean water. – Олар таза судың қатты жетіспеушілігіне ұшырайды.