detail [ˈdiːteɪl] A.n 1.деталь, ұсақ-түйек ¨an expedition planned down to the last detail – бүге-шігесіне дейін жоспарланған экспедиция ¨He stood still, absorbing every detail of the street. – Ол бір орнынан тапжылмады; көшедегі не нәрсе болсын назарынан тыс қалдырар емес. ¨Tell me the main points now; leave the details till later. – Негізгілерін ғана айтқын; кейін тәптіштей жатарсың. ¨This issue will be discussed in more detail in the next chapter. – Мәселе келесі тарауда жан-жақты талқыланатын болады. ¨The research has been carried out with scrupulous attention to detail. – Зерттеу әрбір нәрсені мұқият зерделей отырып жасалыпты. ¨He had an eye for detail. – Ол не нәрсені болсын қалт жібермейтін. ¨The fine detail of the plan has yet to be worked out. – Жоспарды әлі жан-жақты пысықтау қажет. 2. ~s толық ақпар, дерек, мәлімет ¨Please supply the following details: name, age and sex. – Келесі деректі беріңіз: аты-жөні, жасы және жынысы. ¨They didn't give any details about the game. – Олар ойын жайлы қандай да бір мәлімет бермеді. ¨‘We had a terrible time’ - ‘Oh, spare me the details.’ – «Басымыздан бір сұмдықты кешірдік қой». – «Құрысын, айтпай-ақ қойшы». 3.арнайы тапсырма жүктелген солдаттар тобы ¨the cookhouse detail – асханадағы қызметші солдаттар 4.(idm) *go into detail(s) жан-жақты түсіндіру ¨I can't go into details now; it would take too long. – Қазір бәрін айта алмаймын; көп уақыт алады. B.v 1.~ sth жан-жақты түсіндіру, мәлімет беру ¨The brochure details all the hotels in the area and their facilities. – Кітапшада/брошюрада осы тұстағы мейманхалар мен ондағы керек-жарақ жайлы жан-жақты мәлімет берілген. 2. ~ sb (to do sth) бұйыру, тапсыру, тапсырма беру ¨Several of the men were detailed to form a search party. – Бірнеше кісіге іздеу тобын құрасыңдар деген тапсырма берілді. 3. ~ sth (NAmE) көлікті мұнтаздай етіп тазалау ¨He got work for a while detailing cars. – Ол уақытша машина тазалау жұмысына тұрды.