develop [dɪˈveləp] v 1.~ (from sth); ~ (into sth); ~ sth (from sth) (into sth) даму, өсу ¨The child is developing normally. – Сәби қалыпты дамуда. ¨The place has rapidly developed from a small fishing community into a thriving tourist resort. – Бұл тұс тез арада шағын балықшы қауымнан келіскен турист шипажайына айналды. ¨She developed the company from nothing. – Ол компанияны жоқтан жасады. 2. ~ sth жасау, дамыту ¨The company develops and markets new software. – Компания жаңа компьютерлік программалар жасап, сатады. ¨A new type of painkilling drug has recently been developed. – Шаншу басатын жаңа дәріні жақында жасап шығарды. 3.~ (sth) душар болу, ұшырау ¨Her son developed asthma when he was two. – Оның ұлы екі жасынан бастап ентікпеге (астмаға) ұшырады. ¨The car developed engine trouble and we had to stop. – Машинаның моторы нашарлап, бізге тоқтауға тура келді. 4.етек алу, өрістеу, өрбу ¨A crisis was rapidly developing in the Gulf. – Парсы шығанағындағы дағдарыс қауырт етек алуда. ¨We need more time to see how things develop before we take action. – Нақты шараларға бармас бұрын жағдайдың қалай өрбитінін баққанымыз дұрыс. 5.~ (sth) жетілу, жақсару ¨He's developed a real flair for management. – Ол басқарудың қыр-сырын біле бастапты. ¨Their relationship has developed over a number of years. – Олардың қарым-қатынасы жылдар бойы толысып, жетілді. 6.~ sth үй салу, тұрғызу; жетілдіру, жетістіру, көркейту ¨The site is being developed by a French company. – Мына тұсты француз компаниясы жетілдіруде. 7.~ sth әңгіменің түйінін тарқату, егжей-тегжейлі баяндау (syn: elaborate on) ¨She develops the theme more fully in her later books. – Бұл тақырыпты ол өзінің кейінгі кітаптарында кеңінен сөз етеді. 8.~ sth фотография шығару (яғни, пленкадағы кескіндерді арнайы хмикаттардың көмегімен айқындау) ¨I had the film developed yesterday. – Фотопленканы кеше шығардым.