devil [ˈdevl] n 1. the D~ шайтан, сайтан, әзәзіл, ібіліс, әбілет (syn: Satan) ¨He would sell his soul to the Devil. – Ол жанын сайтанға сатудан тайынбайды. 2.жын, сайтан, шайтан, түлен ¨They believed she was possessed by devils. – Оны шайтан арбаған деп ұқты олар. ¨(ауысп мағ) a naughty little devil – әй, кішкентай ғана шайтан (сәби ж) ¨(ауысп мағ) She's off to Greece for a month - lucky devil! – Грецияға бір айға кеткен екен ғой – жолы болғыш сайтан! 3.(idm) *be a devil қорықпа, қайрат көрсет дег мағ ¨Go on, be a devil, buy both of them. – Ал, қане, екеуін де алсаңшы дірілдемей! *better the devil you know (than the devil you don't) (saying) артық қыламын деп тыртық қылмау, істі насырға шаптырмау дег мағ *between the devil and the deep blue sea алдым – биік, артым – жар не ары тартса арба сынады, бері тартса өгіз өледі дег мағ *the devil (old-fashioned) өте қиын я жайсыз ¨These berries are the devil to pick because they're so small. – Мына құрығыр жидектер титтей, теруге қиын. *the devil looks after his own (saying) шайтанға шайтан көмектеседі, яғни, жаманның жолы болғыш дег мағ *the devil makes work for idle hands (saying) іссіз адам теріс іспен айналысады дег мағ *a devil of a job/time (old-fashioned) өте қиын я жайсыз жұмыс не уақыт ¨I've had a devil of a job finding you. – Сені іздеп сілікпем шықты ғой. *go to the devil! (old-fashioned, informal) құры көзіме көрінбей дег мағ *like the devil (old-fashioned, informal) жын-шайтанша, жан ұшыра дег мағ ¨We ran like the devil. – Біз бас-көзімізге қарамай жүгірдік. *speak/talk of the devil (informal) кімді айтсаң сол келеді дег мағ ¨Well, speak of the devil - here's Alice now! – Міне, кімді айтсаң сол келеді деген – Әлис те келе қалды! *what, where, who, why, etc. the devil… (old-fashioned) ығыры шыққанды не таңғалысты білдіреді ¨What the devil do you think you're doing? – Біз не істеп жатыр деп ойлап тұр екенсің сен осы?