devour [dɪˈvaʊə(r)] v 1.~ sth асау, қылғыту, жұту, жалмау (syn: gobble up) ¨He devoured half of his burger in one bite. – Ол бір тістегеннен бургердің жартысын қылғытты. ¨(ауысп мағ) She devoured everything she could lay her hands on: books, magazines and newspapers. – Ол қолыны іліккен нәрсенің бәрін - кітаптар, журналдар мен газеттер – қомағайлана оқыды. ¨(ауысп мағ) Flames devoured the house. – Жалын үйді жалмады. 2.(idm) *be devoured by sth бойын сезім кернеу ¨She was devoured by envy and hatred. – Оның тұла бойын қызғаныш пен өшпенділік кернеді.