die [daɪ] A.v (dies, dying, died, died) 1.~ of/from sth; ~ for sth; ~ sth өлу, қайтыс болу ¨Her husband died suddenly last week. – Күйеуі аяқ астынан өткен аптада қайтыс болып кетті. ¨That plant's died. – Ана бұта/шөп өліп қалған. ¨to die of/from HIV – СПИД-тен қайтыс болу ¨He died for his beliefs. – Ол сенімі үшін қайтыс болды. ¨I'll never forget it to my dying day. – Бұны өлгенше ұмытпаймын. ¨(informal) I nearly died when I saw him there. – Оны ол жерде көргенде жан тәсілім ете жаздадым. ¨to die a violent/painful/natural, etc. death – азап көріп/қиналып/өздігінен, т.с.с. өлу ¨She died young. – Жастай қайтыс болды. ¨At least they died happy. – Әйтеуір бақытты болып өлді. ¨He died a poor man. – Кедей болып өлді. 2.жоғалу, өлу, тоқтау ¨The old customs are dying. – Ескі әдет-ғұрып келмеске кетуде. ¨His secret died with him. - Оның құпиясы өзімен бірге кетті. ¨The words died on my lips. – Сөйлеуге шамам келмей қалды. 3.тоқтау, бұзылу ¨The engine spluttered and died. – Мотор қақалып-шашалып барып өшті де қалды.4. (idm) *be dying for sth/to do sth (informal) өте білгісі, істегісі, т.с.с. келу ¨I'm dying for a glass of water. – Бір стакан суға бола өлейін деп тұрмын. ¨I'm dying to know what happened. – Не болғанын білгім келіп өліп барамын. *die a/the death (informal) мүлде сәтсіз болу ¨The play got terrible reviews and quickly died a death. – Пьеса қатты сынға ұшырап, тез арада саудасы бітті. *die in your bed ажалы жетіп өлу, қартайып өлу *die laughing күлкіден өле жаздау ¨I nearly died laughing when she said that. – Ол оны айтқан кезде күлкіден өле жаздадым. *old habits, traditions, etc. die hard ескі, әдет, дәстүр, т.с.с. баяу өзгереді дег мағ *to die for (informal) өліп-өшіп істегісі, т.с.с. келу ¨She was wearing a dress to die for. – Ол өзі есі кеткен көйлегін киіп алыпты. 5.(phr v) *die away баяу, бірте-бірте бәсеңдеу, көмескілену, т.с.с. ¨The sound of their laughter died away. – Олардың күлкісі бірте-бірте бәсеңдеді. *die back (өсімдік, т.с.с. ж) әлсіреу, жапырағынан айырылу *die down әлсіреу, бәсеңдеу ¨The flames finally died down. – Өрт әйтеуір басылды. ¨When the applause had died down, she began her speech. – Жұрттың қол шапалақтауы бәсеңдеген кезде ол сөзін бастады. *die off өліп біту ¨The reindeer herds are slowly dying off. – Марал табындары бірте-бірте жойылуда. *die out жойылу ¨This species has nearly died out because its habitat is being destroyed. – Мына жануарларды құрып бітті десе болады, себебі олардың табиғи ортасы жойылуда. B.n 1.(өрнегі бар темір) қалып (тиын құю үшін, теріге, қағазға, т.с.с. өрнек салу үшін қажет) 2. (especially NAmE) = dice 2. (idm) *the die is cast (saying) болар іс болды дег мағ