difference [ˈdɪfrəns] n 1. ~ (between A and B)/~ (in sth) айырмашылық, өзгешелік, басқашалық, бөлектік (opp: similarity) ¨There are no significant differences between the education systems of the two countries. – Екі елдің білім жүйесінде пәлендей бір айырмашылық жоқ. ¨He was studying the complex similarities and differences between humans and animals. – Ол адамдар мен жануралар арасындағы комплексті ұқсастықтар мен өзгешеліктерді зерттеп жүрген/жүрді. ¨There's no difference in the results. – Нәтижелерде өзгешеліктер жоқ. ¨I can never tell the difference between the twins. – Егіздерді ешбір ажырата алмаймын. ¨She noticed a marked difference in the children on her second visit. – Екінші сапары кезінде ол балалар арасындағы көзге байқалатын өзгешеліктерді аңғарды. ¨There's a world of difference between liking someone and loving them. – Біреуді жақсы көру мен сүю арасында аспан мен көктей айырмашылық бар. ¨There's not much difference in price between the two computers. – Екі компьютердің бағасы арасында пәлендей айырмашылық жоқ. ¨There's an age difference of six years between the boys. – Ұлдардың арасы 6 жас. ¨I'll lend you £500 and you'll have to find the difference. – Саған £500 қарызға беремін, қалғанын өзің тап. ¨We measured the difference in temperature. – Температура айырмашылығын біз өлшедік. 2.келіспеушілік, айырмашылық, керіс ¨We have our differences, but she's still my sister. – Арамызда келіспеушіліктер болғанымен бәрібір ол менің әпкем/қарындасым. ¨Why don't you settle your differences and be friends again? – Керістеріңді доғарып қайтадан достаспайсыңдар ма? ¨There was a difference of opinion over who had won. – Кімнің жеңгені жөнінде әркім әрқалай ойлады. 3.(idm) *make a, no, some, etc. difference (to/in sb/sth) әсері, айырмашылығы болу/болмау ¨The rain didn't make much difference to the game. – Жаңбырдың ойынға пәлендей әсері болмады. ¨Your age shouldn't make any difference to whether you get the job or not. – Жұмысқа тұрасың ба, жоқ па, оған жасыңның еш қатысы болмауы керек. ¨Changing schools made a big difference to my life. – Мектепті өзгертуім өміріме үлкен әсер етті. ¨What difference will it make if he knows or not? – Ол білсін, білмесін, бәрібір емес пе? ¨I don't think it makes a lot of difference what colour it is. – Мынаның түсінің қандай екенінің пәлендей айырмашылығы жоқ. ¨‘Shall we go on Friday or Saturday?’ ‘It makes no difference (to me).’ – «Жұма күін барайық па жоқ сенбі де ме?» «Маған бәрібір». *make all the difference (to sb/sth) шешуші әсері болу; желпіндіру ¨A few kind words at the right time make all the difference. – Дер кезінде айтылған жөн сөз қатты әсер етеді. *same difference (informal) пәлендей айырмашылығы жоқ, бәрібір дег мағ *with a difference (informal) арнайы, ерекше ¨The traditional backpack with a difference - it's waterproof. – Бұл кәдімгі, бірақ өзгеше рюкзак – бұдан су өтпейді!