different [ˈdɪfrənt] adj 1. ~ (from/to/than sb/sth) өзге, басқа, түрлі(ше) (opp: similar) ¨American English is significantly different from British English. – Американ ағылшын тілі британиялық ағылшыннан біршама өзгеше. ¨It's very different to what I'm used to. – Мен дағдыланғаннан бұл өте өзгеше. ¨(NAmE) He saw he was no different than anybody else. – Ол өзінің басқалардан өзгеше емес екенін көрді. ¨It's different now than it was a year ago. – Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда қазір басқаша. ¨People often give very different accounts of the same event. – Елдер (адамдар дег мағ) көрген бір оқиғаны түрліше сипаттайды. ¨My son's terribly untidy; my daughter's no different. – Ұлым өте ұқыпсыз; қызымның да жетісіп тұрғаны шамалы. ¨The room looks different without the furniture. – Жиһазсыз бөлме біртүрлі көрінеді екен. ¨Now he spoke in a different and kinder voice. – Қазір ол басқаша әрі сыпайы дауыспен сөйледі. 2.әртүрлі, басқа, (бір-біріне) ұқсамайтын ¨She offered us five different kinds of cake. – Бізге ол шоколадтың бес түрін ұсынды. ¨The programme was about customs in different parts of the country. – Бағдарлама елдің түкпір-түкпіріндегі салт-дәстүр жайлы болды. ¨They are sold in many different colours. – Олар (әр)түрлі реңде сатылады. ¨I looked it up in three different dictionaries. – Мен бұны әртүрлі үш сөздіктен қарадым. 3.(informal) қызық, оғаш, ерекше, бөлек ¨‘Did you enjoy the play?’ ‘Well, it was certainly different!’ – «Пьеса ұнады ма?» «Иә, шынымен де өзгеше екен!» 4.(idm) *a different kettle of fish (informal) мүлде өзгеше адам я нәрсе