dig

dig [dɪɡ] A.v (digging, dug, dug [dʌɡ]) 1.~ (for sth); ~ sth; (+ adv./prep.) қазу ¨to dig for coal/gold/Roman remains – көмір/алтын/рим қалдықтарын қазу ¨They dug deeper and deeper but still found nothing. – Олар тереңдетіп қаза берді, қаза берді, сонда да ештеңе таба алмады. ¨I think I'll do some digging in the garden. – Бақшада біраз күрекпен жұмыс істейін. ¨to dig a hole/tunnel – ойық/туннель қазу ¨I've been digging the garden. – Бақшада жер аударып жүргенмін. ¨I'll dig some potatoes for lunch. – Түскі асқа біраз картоп қазайын. 2.қарау, іздеу (дег мағ) ¨I dug around in my bag for a pen. – Сөмкемнің бұрыш-бұрышын қарап қаламымды іздедім. 3.~ sth (old-fashioned, slang) сөзсіз құптау; өте жақсы көру 4.(idm) *dig deep (into sth) тінту, ақтару ¨You'll need to dig deep into the records to find the figures you want. – Керекті сандарды (цифрларды) табу үшін көне мәліметті қопаруыңыз қажет. ¨We're asking you to dig deep for the earthquake victims. – Зілзала құрбандарына қол ұшын беру үшін сізден барыңызды салуыңызды сұраймыз. *dig your heels/toes in қасарысу ¨They dug in their heels and would not lower the price. – Қасарысқандары соншама, бағаны түсірмейді. *dig (deep) in/into your pocket(s), savings, etc. қыруар ақша жұмсау *dig sb in the ribs саусағымен я шынтағымен біреудің бүйірінен түю (көңілін бұру үшін) *dig yourself into a hole өзін-өзі тығырыққа тіреу *dig your own grave/dig a grave for yourself өзіне-өзі ор я көр қазу 5. (phr v) *dig in (informal) 1.асайық, обайық дег мағ ¨Help yourselves, everybody! Dig in! – Әркім өзі алсын! Асалық! 2.сабыр сақтау, істің аяқалысын бағу, ақырына дейін шыдау, көну ¨There is nothing we can do except dig in and wait. – Іштен тынып, күткеннен басқа еш амал жоқ. *dig sth in a) араластыру, құнарландыру ¨The manure should be well dug in. – Қиды (бопырды) топыраққа жақсы араластыру қажет. b) шаншу, қадау ¨He dug his fork into the steak. – Ол шанышқыны (айырды) стейкке қадады. *dig yourself in (әскер ж) ор, окоп қазып жасырыну *dig into sth a) (informal) қомағайлана, мешкейлене жеу ¨She dug into her bowl of pasta. – Ол табақтағы пастаны асай бастады. b) қысу, уқалау, батыру ¨His fingers dug painfully into my arm. – Оның саусақтары қолыма батып кетті. c) тінту, ақтару, қопару (яғни, ақпар іздеу) ¨Will you dig a little into his past and see what you find? – Оның бұрын не істегенін қарап, мәлімет тауып көрші. *dig sth into sth a) араластыру, құнарландыру b) қысу, батыру, уқалау ¨She dug her hands deeper into her pockets. – Ол қолдарын қалтасына сұғындыра салды. *dig sb/sth out (of sth) a) қазып алу, аршып алу ¨More than a dozen people were dug out of the avalanche alive. – Оннан аса адамды көшкіннен аршып алып, құтқарды. b) тінтіп, іздеп табу ¨I went to the attic and dug out Grandad's medals. – Шатырға барып, атамның медальдарын тауып алдым. *dig sth over қазып дайындау *dig sth up a) жер аудару, жер қазу ¨They are digging up the football field to lay a new surface. – Олар футбол алаңын қазып, жаңа төсеніш жабу үшін әзірлеуде. b) қазып алу, қазып шығару, аршып алу ¨An old Roman vase was dug up here last month. – Өткен айда бұл жерден көне рим вазасын аршып алды. c) мәлімет, дерек аршу, табу (syn: unearth) ¨Tabloid newspapers love to dig up scandal. – Таблойд (көше) газеттер жанжал іздегіш. B.n 1.қысу, батыру, нұқу ¨She gave him a dig in the ribs. – Ол оның бүйірінен нұқыды. 2.~ (at sb/sth) шымшыма сөз, ұрынба сөз ¨He kept making sly little digs at me. – Ол маған шымшымалар айтуын тыймай отырды. ¨to have a dig at sb/sth – біреуге/бірн-ге тие сөйлеу 3.археологиялық қазба жұмыстары (syn: excavation) ¨to go on a dig – қазба жұмыстарын бастау ¨an archaeological dig – археологиялық қазба жұмысы