direct [dəˈrekt; dɪˈrekt; daɪˈrekt] A.adj 1.тіке(лей), тура, тік, түзу, төте (opp: indirect) ¨They are in direct contact with the hijackers. – Олар адам ұрлаушылармен тікелей байланыста. ¨His death was a direct result of your action. – Оның өлімі - тура сенің қылығыңның нәтижесі. ¨She has direct responsibility for all new trainees. – Ол барлық жаттығушыларға тікелей жауап береді. ¨We are looking for somebody with direct experience of this type of work. – Біз осы сияқты жұмыста өзі істеп, тәжірибе жинаған адам іздеп жүрміз. ¨This information has a direct bearing on the case. – Мына ақпараттың осы іске тікелей қатысы бар. ¨the most direct route/course – ең төте/тура/түзу/тіке жол/бағыт ¨a direct flight – төте/тіке/тура рейс ¨There's a direct train to Leeds. – Лидске төте/тіке жүретін поезд бар. ¨Protect your child from direct sunlight. – Балаңды тіке күн сәулесінен қорға. ¨a direct answer/question – төте/тура/тіке жауап/сұрақ ¨You'll have to get used to his direct manner. – Оның тік мінезіне үйренуің керек. ¨She has a very direct way of speaking. – Оның бетке айтатыны бар. ¨I prefer a more direct approach. – Мәселеге төтесінен беттегенді ұнатамын. ¨a direct descendant of the country's first president – елдің тұңғыш президентінің тікелей ұрпағы ¨With his death, the direct male line of the dynasty came to an end. – Ол өлгеннен соң әулеттің/династияның тікелей ер тұқымы/ұрпағы үзілді. 2.нақты, тура ¨That's the direct opposite of what you told me yesterday. – Кешегі айтқаныңа бұл мүлде қайшы ғой. ¨a direct quote – тура цитата B.v 1.~ sth at sth/sb; ~ sth to/towards sth/sb; ~ sth against sth/sb бағыттау, туралау ¨The machine directs a powerful beam at the affected part of the body. – Аппарат дененің зақым келген тұсына қуатты сәуле шоғырын бағыттайды. ¨Was that remark directed at me? – Ана сөзді маған қаратып айтты ма? ¨There are three main issues that we need to direct our attention to. – Біздің көңіл бөлуіміз қажет үш басты мәселе бар. ¨Most of his anger was directed against himself. – Ашуының көбі оның өзіне бағытталған. 2. ~ sb/sth бақылау, қадағалау, басқару ¨A new manager has been appointed to direct the project. – Жаңа жобаға бас-көз болу үшін жаңа менеджер тағайындалды. ¨He was asked to take command and direct operations. – Одан тізгінді қолға алып, операцияларды басқаруды өтінді. 3. ~ sb/sth (пьесаны, т.с.с.) сахналау, қою, басқару ¨She prefers to act rather than direct. – Ол режиссер болғаннан гөрі өзі ойнағанды ұнатады. ¨The movie was directed by Steven Spielberg. – Фильмді қойған Стивен Спилберг. ¨She now directs a large choir. – Қазір ол үлкен хорға жетекшілік етеді. 4.~ sb (to…) жол көрсету, жөн сілтеу ¨Could you direct me to the station? – Станцияға жол көрсетіңізші? ¨A police officer was directing the traffic. – Полиция офицері транспорт ағынын реттеп тұрды. ¨He was directed to a table beside the window. – Оған терезе жанындағы столды ұсынды. 5.(formal) ~ sb to do sth; ~ that… бұйрық беру (syn: order) ¨The police officers had been directed to search the building. – Полиция офицерлеріне ғимаратты тінту бұйырылды. ¨The judge directed that the mother be given custody of the children. – Сот балалар ананың қарамағында қалсын деген кесім айтты. 6.~ sth to… (formal) жөнелту, жіберу ¨Direct any complaints to the Customer Services department. – Кез-келген шағымды тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне жөнелтіңіз. C.adv тікелей, тура ¨We flew direct to Hong Kong. – Тікелей Гонг-Конгке ұштық. ¨The 10.40 goes direct to Leeds. – 10.40 тікелей Лидске барады. ¨I prefer to deal with him direct. – Мен онымен тікелей істескім келеді.