direction [dəˈrekʃn; dɪˈrekʃn; daɪˈrekʃn] n 1.бағыт, жақ, бағдар ¨Tom went off in the direction of home. – Том үй жаққа қарай кетті. ¨She glanced in his direction. – Ол еркек жаққа қарады. ¨The aircraft was flying in a northerly direction. – Ұшақ солтүстікке қарай ұшып бара жатқан болатын. ¨The road was blocked in both directions. – Жол екі жағынан да жабылыпты. ¨They hit a truck coming in the opposite direction. – Олар қарсы жақтан келе жатқан жүк көлігіне барып соғылды. ¨Has the wind changed direction? – Жел бағытын өзгертті ме? ¨When the police arrived, the crowd scattered in all directions. – Полиция келгенде топ жан-жаққа тарап кетті. ¨I lost all sense of direction. – Қай жаққа жүрерімді білмедім. ¨Support came from an unexpected direction. – Қолдау күтпеген жақтан келді. ¨Let us approach the subject from a different direction. – Мәселеге басқа қырдан үңілейік. ¨We are looking for somebody with a clear sense of direction. – Оң-солын жақсы білетін бір адам іздеп жүрміз. ¨Once again her life felt lacking in direction. – Оның өмірі тағы да дағдарды 2.(жұмыстағы) беталыс, бағыт, бағдар ¨The exhibition provides evidence of several new directions in her work. – Көрме оның жұмысындағы бірнеше жаңа бағыт жөнінде сыр шертеді. ¨I am very unhappy with the direction the club is taking. – Клубтың алған бағыты маған ұнамайды. ¨It's only a small improvement, but at least it's a step in the right direction. –Сәл жақсарса да бұл оң бағыттағы қадам. 3.нұсқау, жөн ¨Let's stop and ask for directions. – Тоқтап, жөн сұралық. ¨Simple directions for assembling the model are printed on the box. – Модельді құрастыру жөніндегі қарапайым нұсқаулар жәшіктің сыртында жазылған. 4.басқару, бақылау, қадағалау ¨All work was produced by the students under the direction of John Williams. – Жұмыстың бәрін студенттер Джон Уилямстің қарамағында жасайды. ¨She was entrusted with the direction of the project. – Оған жобаны басқару сеніп тапсырылды. 5.(фильм ж) қойылым ¨There is some clever direction and the film is very well shot. – Фильмнің режиссурасы жақсы екен; тәп-тәуір түсіріліпті.