dirty [ˈdɜː(r)ti] A.adj (dirtier, dirtiest) 1.кір, лас, былғанған ¨dirty hands/clothes – кір/лас қолдар/киімдер ¨a dirty mark – кір дақ ¨Try not to get too dirty! – Кір-қожалақ болып жүрме! ¨I always get given the dirty jobs. – Лас жұмысты маған береді әйтеуір. 2.(пиғыл ж) лас, кір, жиіркенішті, былғаныш ¨a dirty joke/book – былғаныш әзіл/кітап ¨He's got a dirty mind. – Есіл-дерті – нәпсі. 3.арам, жайсыз, лас, кір, былғаныш ¨a dirty lie – шімірікпеген өтірік ¨She's a dirty player. – Ол лас ойнайды. ¨He's a great man for doing the dirty jobs. – Былғаныш жұмысқа келгенде одан асқан ешкім жоқ. 4.қою, сұр, көмескі (түс, реңк) ¨a dirty brown carpet – қою қоңыр кілем 5. (NAmE, slang) нашақор 6.(idm) *be a dirty word жаман сөз, лас сөз ¨Profit is not a dirty word around here. – Пайда табу дегеніңіз бұл жақта жаман сөз емес. *(do sb's) dirty work біреудің арамза, теріс ісін істеу ¨Next time you can get somebody else to do your dirty work for you! – Келесі жолы теріс ісіңді тындыратын басқа біреу тапқын! *do the dirty on sb (informal) ішкен құдығына түкіру, сенген адамын алдау ¨I'd never do the dirty on my friends. – Достарыма ешқашан арамзалық жасамаймын. *down and dirty (NAmE, informal) 1.қоқан-лоққы, әкіреңдеу, алкеуделену ¨The candidate again got down and dirty with his rival. – Кандидат бәсекелесіне тағы да кіжіңдеді. ¨The online campaign was getting down and dirty. – Онлайн науқан дау-дамайға айналып бара жатыр. 2.атышулы, айқай-шу, у-шу ¨The singer got down and dirty at the club last night and made headlines again. – Әнші кеше түнде клубта тағы шу шығарып, газеттер жамырай жазуда. ¨The singers are a down-and-dirty duo from Ohio. – Ол әншілер Огайодан шыққан атышулы дует. *give sb a dirty look жақтырмай қарау B.v (-ties, -tying, -tied, -tied) ~ sth былғау, ласта(ндыр)у, кірле(ндір)у C.adv (idm) *dirty great/big (informal) өте зор, үлкен ¨When I turned round he was pointing a dirty great gun at me. – Бұрылып қарасам, ол абажадай қару кезеніп тұр маған. *play dirty (informal) лас ойнау, тәртіп көп бұзып ойнау