disappointment [ˌdɪsəˈpɔɪntmənt] n кейіс, реніш, ренжіс, өкініш, өкпе, көңілі қалу, көңілі толмау, ұнжырғасы түсу ¨Book early for the show to avoid disappointment. – Сан соғып қалмау үшін шоуға ертерек заказ бер. ¨To our great disappointment, it rained every day of the trip. – Өкінішімізге орай, сапардың әр күні жаңбыр сіркіреп тұрды. ¨He found it difficult to hide his disappointment when she didn't arrive. – Ол (әйел) келмегенде ол (еркек) кейісін жасыра алмады. ¨a bitter/major disappointment – ащы/үлкен реніш ¨That new restaurant was a big disappointment. – Ол ресторан көңілді әбден қалдырды. ¨He's suffered a whole string of disappointments this week. – Оның аптасы ренішке толы болды. ¨I always felt I was a disappointment to my father. – Әкемнің маған көңілі толмайтынын ылғи да сезетінмін.