discouragement [dɪsˈkʌrɪdʒmənt] n 1.мұқалу(шылық), мұқалыс, жасу(шылық), кібіртіктеу(шілік) ¨an atmosphere of discouragement and despair – мұқалтып, торықтыратын күй 2. (ниетінен, пейілінен) айныту, арынын басу, меселін қайтару, зауқын соқтырмау (әрекеті) ¨the government's discouragement of political protest – үкіметтің саяси наразылықты айныту шаралары ¨Despite all these discouragements, she refused to give up. – Осыншама қиындықтарға қарамастан, ол райынан қайтпады. ¨The rise in fuel prices is intended to act as a discouragement to car users from using their cars. – Жағармай бағасының өсуі - көлік айдаушылар өз машиналарын аз қолдансын деген әрекет.