disdain [dɪsˈdeɪn] A.n ~ for sb/sth елемеу(шілік), менсінбеу(шілік) (syn: contempt) ¨to treat sb with disdain – біреуге елемей қарау ¨He turned his head away in disdain. – Ол елемей басын басқа жаққа бұрды. ¨a disdain for the law – заңды елемеу B.v (formal) 1.~ sb/sth елемеу, менсінбеу ¨She disdained his offer of help. – Ол оның ұсынған жәрдемін елемеді. ¨Immigrants accept the jobs disdained by the local workforce. – Жергілікті жұмыскерлер менсінбеген жұмысты иммигранттар алады. 2. ~ to do sth менсінбеу, жақтырмау, тәкаппарлану ¨disdained receiving an award from the organization – әлгі ұйымнан марапат алуды жақтырмаған ¨disdained to attend the ceremony – салтанатқа менсінбей бармаған ¨He disdained to turn to his son for advice. – Ол өз ұлынан ақыл сұрауға тәкаппарланды.