dish [dɪʃ] A.n 1.табақ, тарелка ¨a glass dish – әйнек табақ/тарелка ¨an ovenproof dish – микротолқынды пешке шыдайтын табақ ¨a baking/serving dish – пісіретін/сервистік табақ ¨They helped themselves from a large dish of pasta. – Олар үлкен табақтан паста алып жеді. 2. the dishes шыны-аяқ (табақтар, құтылар, кеселер тсс) ¨I'll do the dishes. – Шыны-аяқты мен жуамын. 3.тағам, тамақ ¨a vegetarian/fish dish – вегетариан/балық тағамы ¨I can recommend the chef's dish of the day. – Шеф дайындаған бүгінгі тағамды ұсынамын. 4.кез-келген табақ я кесе пішінді нәрсе ¨a soap dish – сабын салғыш 5.(informal) ынтықтыратын адам ¨What a dish! – Мынауың сілекейді үйіреді екен! B.v 1.(idm) *dish the dirt (on sb) (informal) өсек айту ¨She loves to dish the dirt on her sisters. – Ол әпке-сіңлілерін өсектегенді жақсы көреді. *dish it out (disapproving) басқаларды сынау ¨He enjoys dishing it out, but he really can't take it. – Ол басқаларды сынағанды жақсы көргенмен, өзі сын көтере алмайды. 2. (phr v) *dish sth out a) (informal) тарату, үлестіру, тарқату ¨Students dished out leaflets to passers-by. – Өткен-кеткендерге студенттер листовкалар таратып жатты. ¨She's always dishing out advice, even when you don't want it. – Керек болсын-болмасын, ол ақыл айтады да жатады. b) тамақты табақтарға құйып не салып беру ¨Can you dish out the potatoes, please? – Картоп салып жіберші? *dish up/dish sth up табақтарға тамақ салып не құйып беру *dish up sth біреуге (нашар бір нәрсе) ұсыну