dispose [dɪˈspəʊz] v (formal) 1.~ sth/sb (ретпен) орналастыру, жайғастыру ¨troops disposed in a battle formation – ұрысқа ыңғайластыра жайғастырылған әскерлер ¨dispose the chairs/singers in a semi-circle – креслоларды/әншілерді жарты шеңбер түрінде орналастыру 2.~ sb to/toward(s) sth/~ sb to do sth (біреуді) ыңғайластыру ¨a drug that disposes the patient towards sleep – пациенттің ұйқысын келтіретін дәрі ¨His criminal record does not dispose me to trust him. – Оның бұрын қылмысты болғанына бола оған сенуге бүйрегім бұрмайды. 3.(idm) *dispose of sb/sth a)тастау, жою, құтылу ¨the difficulties of disposing of nuclear waste – ядролық қалдықтан құтылудың қиындықтары ¨to dispose of stolen property – ұрланған мүлікті жайғастыру/сату b) мәселемен я қиындықпен сәтті айналысу, шұғылдану ¨That seems to have disposed of most of their arguments. – Ол жайт олардың айғақтарының көпшілігін жарамсыз етті. с) жеңу; өлтіру ¨It took her a mere 20 minutes to dispose of her opponent. – Ол 20 минуттың ішінде қарсыласын талқан етті.