distant [ˈdɪstənt] adj 1.алыс ¨the distant sound of music – алыстан жеткен музыка үні ¨distant stars/planets – алыс жұлдыздар/планеталар ¨The time we spent together is now a distant memory. – Бірге өткізген кездеріміз қазір алыстан бұлдырайды. ¨(formal) The airport was about 20 kilometres distant. – Аэропорт шамамен 20 км алыста еді. ¨a star 30 000 light years distant from the Earth – Жерден 30 000 жарық жыл алыстағы жұлдыз ¨(figurative) Peace was just a distant hope. – Бейбітшілік алыстан бұлдыраған үміт еді. 2. ~ (from sth) алыс, ұқсамаған (syn: remote) ¨Their life seemed utterly distant from his own. – Олардың өмірі бұныкіне мүлдем ұқсамайтындай көрінді. 3.алыс (туысқан, т.с.с.) ¨a distant cousin/aunt/relative – алыс жиен/апай/туысқан 4.жатырқаған, бөтенсіген ¨Pat sounded very cold and distant on the phone. – Пәт телефоннан сондай бір суық әрі жатырқағандай/бөтенсігендей естілді. ¨He became emotionally distant from his friends and family after the illness. – Ауырып тұрғаннан соң ол достары мен жанұясын бөтенсіп қалды. 5.ойы бөлінген, көңілі басқаға ауған ¨There was a distant look in her eyes; her mind was obviously on something else. – Көз жанары оғаш көрінді; ойын басқа бір нәрсе мазалап тұрды. 6.(idm) *the (dim and) distant past баяғы заман, бұрынғы уақыт ¨stories from the distant past – бұрынғы өткеннен жеткен әңгімелер ¨In the distant past this land was covered in forests. – Сонау өткен замандарда осы жерді орман басып жатыпты. *in the not too distant future жуық арада, жақын келешекте ¨I hope we'll see each other again in the not too distant future. – Жуық арада бір-бірімізді көріп қалармыз деп ойлаймын.