distraction [dɪˈstrækʃn] n 1.көңіл бөлетін, назар аудартатын, мазалайтын нәрсе ¨I find it hard to work at home because there are too many distractions. – Үйде жұмыс істеу қиын, себебі көңілің әр нәрсеге бөліне береді. 2.көңіл көтеретін нәрсе, қызық 2.(idm) *to distraction мазалайтын, ығырды шығаратын ¨The children are driving me to distraction today. – Бүгін балалар ығырымды шығарды. ¨She was alone in the house all day and bored to distraction. – Күні бойы үйде жалғыз болған оның іші пысып ығыр болды.