distribute [dɪˈstrɪbjuːt; ˈdɪstrɪbjuːt] v 1.~ sth; ~ sth to sb/sth; ~ sth among sb/sth тарату, үлестіру ¨The newspaper is distributed free. – Газет тегін таратылады. ¨The organization distributed food to the earthquake victims. – Ұйым зілзала/жер сілкінісі құрбандарына азық таратты/үлестірді. ¨The money was distributed among schools in the area. – Қаражат аймақтағы мектептер арасында таратылды/үлестірілді. 2.~ sth (дүкендерге, кәсіпорындарға, т.с.с.) үлестіру, тарату ¨Who distributes our products in the UK? – Құрама Корольдікте өнімдерімізді кім таратады? 3.~ sth тарату, жаю, бөлу ¨Make sure that your weight is evenly distributed. – Салмағыңды ауып кетпейтіндей етіп орналастыр. ¨Cases of the disease are widely distributed through Europe. – Ауру оқиғалары Европада кеңінен кездесуде.