divorce [dɪˈvɔːs] A.n 1.некенің бұзылуы, ажырасу ¨The marriage ended in divorce in 1996. – Неке 1996 жылы бұзылды. ¨an increase in the divorce rate – ажырасу деңгейінің ұлғаюы ¨They have agreed to get a divorce. – Олар ажырасуға келісті. ¨Divorce proceedings started today. – Некенің бұзылуына/ажырасуға қатысты сот ісі бүгін басталды. ¨Bella wants a divorce. – Белланың ажырасқысы келеді. ¨She told him she was filing for divorce. – Ол оған ажырасуға арыз бермек екенін айтты. 2.(formal) ~ (between A and B) айырылысу, ажырасу, бөліну, қарым-қатынасын үзу ¨the divorce between religion and science – діннің ғылымнан бөлінуі B.v 1.~ (sb) некені бұзу, ажырасу ¨They're getting divorced. – Олар ажырасқалы жүр. ¨She's divorcing her husband. – Ол күйеуінен ажырасайын деп жүр. ¨I'd heard they're divorcing. – Олар ажыраспақшы деп естідім ғой. 2.~ sb/sth from sth (formal) бөліну, айырылысу ¨They believed that art should be divorced from politics. – Олар өнер саясаттан бөлек болуы керек деп ойлады. ¨When he was depressed, he felt utterly divorced from reality. – Ол торыққан кезде күнделікті өмірден жырақта қалып қойғандай сезінді.
divorcé [dɪˌvɔː(r)ˈseɪ] n (NAmE) (ресми) ажырасқан ер адам