dizzy [ˈdɪzi] adj (dizzier, dizziest) 1.басы айналған, мәңгіреген (syn: giddy) ¨Climbing so high made me feel dizzy. – Тым жоғары өрмелегеннен соң басым айналды. ¨I suffer from dizzy spells. – Кейде басым айналып қалады. 2.бас айналдыратын, мәңгіртетін (syn: giddy) ¨the dizzy descent from the summit – тау басынан ес тандыра түсу ¨the dizzy pace of life in Hong Kong – Гонконгтегі бас айналдыратын өмір ырғағы 3. (informal, especially NAmE) ақымақ, есалаң (syn: giddy) ¨a dizzy blonde – есалаң аққұба (бикеш) 4.(idm) *the dizzy heights (of sth) (informal) өте маңызды, керемет қызмет, атақ, т.с.с. ¨She dreamed of reaching the dizzy heights of stardom. – Ол атақ-даңқтың (жұлдыздықтың) бас айналдыратын биіктіктеріне жетуді армандады.