do

do 1  [də; du; strong form duː] A.v 1.~ sth істеу, қылу, ету, тындыру, бітіру ¨What are you doing this evening? – Бүгін кешке не істейсің? ¨We will do what we can to help. – Көмектесу үшін қолымыздан келген нәрсенің бәрін істейміз. ¨Are you doing anything tomorrow evening? – Ертең кешке ештеңе істемейсің бе? ¨The company ought to do something about the poor service. – Компания нашар қызметін жақсарту үшін бірдеңе істеуі керек. ¨What have you done to your hair? – Шашыңа не істегенсің? ¨There's nothing to do in this place. – Бұл жерде бітіретін ешнәрсе жоқ. ¨There's nothing we can do about it. – Қолымыздан келер ешнәрсе жоқ. ¨What can I do for you. – Сен үшін не қылайық. ¨~ as… Do as you're told! – айтқанды істе! ¨They are free to do as they please. – Олар не істегісі келсе де істей алады. ¨You would do well to consider all the options before buying. – Сатып алардан бұрын барлық мүмкіндіктерді қарастырғын. 2.(іс, шаруа, т.с.с.) жүру, болу, тсс ¨How is the business doing? – Шаруа қалай жүруде? ¨She did well out of the deal. – Ол контракттан жақсы табыс түсірді. ¨He's doing very well at school. – Мектептегі үлгерімі/жұмысы өте жақсы. ¨Both mother and baby are doing well. – Анасы мен нәрестенің екеуі де тәуір. ¨(informal) How are you doing? – Жағдайың/Халің қалай? 3.~ sth істеу, тындыру, атқару, айналысу, шұғылдану ¨I'm doing some research on the subject. – Осы мәселе бойынша біршама зерттеумен айналысып жатырмын. ¨I have a number of things to do today. – Бүгін маған біраз нәрсе тындыру қажет. ¨I do aerobics once a week. – Аптасына бір рет аэробикаға барамын. ¨Let's do lunch. – Түскі асты бірге ішелік. ¨(informal) Sorry. I don't do funny. – Ғафу ет(іңіз). Көкжелкем кері тартып тұр. 4.~ sth; ~ the ironing, cooking, shopping, etc.; ~ some, a little, etc. acting, writing, etc.  (белгілі бір жұмыс істегенді білдіреді) ¨to do the dishes – ыдыс-аяқты жуу ¨to do the flowers – гүлдерді реттеу ¨I like the way you've done your hair. – Шашыңды жөндесің маған ұнайды. ¨I like listening to the radio when I'm doing the ironing. – Үтіктеп жатқан кезде радио тыңдағанды ұнатамын. ¨She did a lot of acting when she was at college. – Ол колледжде оқып жүрген кезінде пьесаларда көп ойнап жүрді. 5.~ sth (қызмет, маман болып) істеу ¨What do you do? – Не істейсің/не жұмыспен айналысасың/не бітіріп жүрсің? ¨What does she want to do when she leaves school? – Мектеп бітіргеннен соң оның не жұмыс істегісі келеді? ¨What did she do for a living? – Ол нендей тірлік етті? ¨What's Tom doing these days? – Том бұл күндері не істеп/бітіріп жүр? 6.оқу, айналысу ¨I'm doing physics, biology and chemistry. – Мен физика, биология және химияны оқып жүрмін. ¨Have you done any Keats? – Китстің жазғандарын оқып па едің? 7.~ sth шешу, т.с.с. ¨I can't do this sum. – Мына соманы шығара алмай отырғанымшы. ¨Are you good at doing crosswords? – Кросворд/сөзжұмбақты жақсы шеше аламысың? 8. ~ sth for sb; ~ sb sth; ~ sth жасау, істеу  ¨to do a drawing/painting/sketch – кескіндеу/сурет салу/скетч салу ¨Does this pub do lunches? – Мына паб/кафе түскі ас бере ме? ¨Who's doing the food for the wedding reception? – Үйлену тойға тамақты кім дайындап жатыр? ¨I'll do a copy for you. – Саған бір копиясын жасап беремін. 9. ~ sth пьесада, операда ойнау, қою ¨The local dramatic society is doing ‘Hamlet’ next month. – Жергілікті драма қоғамы келесі айда «Гамлетті» қоймақ. 10. ~ sb/sth айнытпай салу, ұқсату, біреу сияқты болу ¨He does a great Elvis Presley. – Ол Элвис Преслиді айнытпай салады. ¨Can you do a Welsh accent? – Уэльстік акцентті сала аласың ба? 11. have/be done; have/be done doing sth;  get sth done бітіру, тындыру ¨Sit there and wait till I've done. – Ана жерде отыр дағы мен бітіргенше күт. ¨I've done talking - let's get started. – Сөйлеп біттім, енді бастайық. ¨Did you get your article done in time? – Мақалаңды уақтында бітірдің бе? 12.~ sth сапар шегу, жүру ¨How many miles did you do during your tour? – Сапар кезінде неше миль жүрдің? ¨My car does 40 miles to the gallon. – Машинам 40 мильге бір галлон жұмсайды. ¨We did the round trip in two hours. – Екі сағатта барып келдік. ¨The car was doing 90 miles an hour. – Машина сағатына 90 миль жүріп отырды. ¨We did Tokyo in three days. – Токионы үш күнде аралап/шарлап шықтық. 13. ~ sth уақыт өткізу ¨She did a year at college, but then dropped out. – Ол колледжде бір жыл болды, сосын шығып кетті. ¨He did six years for armed robbery. – Ол қару қолданып, тонағаны үшін түрмеде алты жыл өткізді. 14.~ sb/sth айналысу, қарау ¨The hairdresser said she could do me at three. – Шаштараз шашымды сағат үште ала аламын деді. 15. ~ for sb/sth; ~ as sth; ~ sb жеткілікті, жетерлік болу; лайықты болу, жарау ¨‘Can you lend me some money?’ ‘Sure - will  $20  do?’ – «Маған біраз ақша қарызға бере тұрасың ба?» «Әрине – $20  жете ме?» ¨These shoes won't do for the party. – Мына туфли сауыққа жарамайды. ¨The box will do fine as a table. – Жәшікті стол ретінде қолданса болады. ¨(especially BrE) This room will do me nicely, thank you. – Мына бөлме мен үшін қолайлы, рахмет. 16.~ sth ас пісіру ¨How would you like your steak done? – Стейкті қаншалықты қақтасын? 17.~ sb (informal) алдау, көз бояу ¨This isn't a genuine antique - you've been done. – Бұл нағыз антиквариат/көне зат емес – сені алдап соғыпты. 18.~ sb (for sth) (informal) жазалау, сазайын тарттыру ¨They did him for tax evasion. – Олар оны салықтан жалтарғаны үшін жазалады. ¨She  got done  for speeding. – Қатты айдағаны үшін жазаланды. 19.~ sth (informal) ұрлау, тонау ¨The gang did a warehouse and a supermarket. – Қылмысты топ қойма мен супермаркетті тонапты. 20.~ sth (informal) есірткі, наркотик қолдану ¨He doesn't smoke, drink or do drugs. – Ол темекі тартпайды, ішпейді және есірткіге қол тигізбейді. 21.~ it (slang) жыныстық қатынасқа түсу 22. (idm) *be/have to do with sb/sth біреу/бірн-е жайында/қатысты болу ¨‘What do you want to see me about?’ ‘It's to do with that letter you sent me.’ – «Не жайында мені көргің келеді?» «Сенің маған жазған хатың жайында». *have (got) smth, nothing, a lot, etc. to do with sb/sth біреумен/бірн-мен белгілі бір дәрежеде байланысты дег мағ ¨Her job has something to do with computers. – Оның жұмысы компьютерлермен байланысты. ¨‘How much do you earn?’ ‘What's it got to do with you?’ – «Жалақың қанша?» «Бұның саған қаншалықты қатысы бар?» ¨Hard work has a lot to do with her success. – Оның табысты болуы өзінің маңдай терінің арқасы. ¨We don't have very much to do with our neighbours. – Көршілерімізбен пәлендей қатынасымыз жоқ. ¨I'd have nothing to do with him, if I were you. – Сенің орныңда болсам, оған жуымас едім. *it won't do (especially BrE) жарамайды, болмайды дег мағ ¨This is the third time you've been late this week; it simply won't do. – Бұл жетіде үшінші рет кешігіп отырсың; бұның жарамайды. *not do anything/a lot/much for sb (informal) жараспайды дег мағ ¨That hairstyle doesn't do anything for her. – Оның шаш қойысы оған жараспайды. *nothing doing (informal) өтінішті орындамағанда қолд ¨‘Can you lend me ten dollars?’ Nothing doing!’ – «Он доллар бере тұрасың ба?» «Бере алмаймын!» *no you don't (informal) біреуді райынан қайтармақ болғанда қолд ¨Sharon went to get into the taxi. ‘Oh no you don't,’ said Steve. – Шарон таксиге отырмақ болып кетті. «Ой, қой енді», деді Стив. *that does it (informal) жетеді, болды дег мағ ¨That does it! I’ve had enough of your sarcasm. I’m leaving. – Жетер енді! Мысқылыңа тойдым. Кеттім. *that's done it (informal) шаруаны, т.с.с. құртқан оқиға, қате, т.с.с. ¨That's done it. You've run out of petrol. We’ll never be in time for the train now. – Құрығыр! Жанармай/бензин бітті. Енді поезға ешбір үлгермейміз. *that will do болды, жетеді, жарайды дег мағ ¨That'll do, children - you're getting far too noisy. – Балалар, болды енді, тым шуылдап кеттіңдер. *what do you do for sth? ¨What do you do for entertainment out here? – Мына жерде көңіл көтеру үшін не істейсің? *what is sb/sth doing…? ¨What are these shoes doing on my desk? – Мына аяқ киімдер менің партамда не істеп жүр? 23.(phr v) *do away with sb/yourself (informal) өзін/біреуді өлтіру *do away with sth (informal) бірн-ні жою, тоқтату (syn: abolish) ¨He thinks it's time we did away with the monarchy. – Оның ойынша, монархиядан құтылатын уақыт жетті. *do sb/sth down (BrE, informal) біреуді жөнсіз сынау *do for sb/sth (informal) біреуді, бірн-ні қирату, құрту не өлтіру ¨Without that contract, we're done for. – Ана контрактсыз шаруаңның біткені. ¨It was the cold that did for him in the end. – Оның ақырында түбіне жеткен суық/аяз болды. *do sb/yourself in (informal) 1.біреуді/өзін өлтіру 2.қалжырату, діңкелету ¨Come and sit down - you look done in. – Кел, отыр – құр сүлдерің қалыпты ғой. *do sth in (informal) үстін, денесін ауыртып, зақымдап алу ¨He did his back in lifting heavy furniture. – Ауыр жиһаз көтеремін деп арқасын ауыртып алды. *do sb out of sth (informal) жөнсіз, әділетсіз жолын кесу, т.с.с. ¨She was done out of her promotion. – Оны өсірмей тастады. *do sb over (informal, especially BrE) соққыға жығу ¨He was done over by a gang of thugs. – Оны содырлар тобыры соққыға жығыпты. *do sth over 1.қайтадан тазалау, безендіру ¨The paintwork will need doing over soon. – Жуырда қайтадан сырлау қажет болады. 2. (NAmE) қайтадан істеу ¨She insisted that everything be done over. – Ол әрнәрсенің қайтадан істелгенін талап етті. 3. (BrE, informal) бұзып кіріп, тонау ¨He got home to find that his flat had been done over. – Ол оралғанда пәтерінің астаң-кестеңін шығарып, тонап кеткенін көрді. *do up түймелеу, бекіту ¨The skirt does up at the back. – Юбканы арт жағынан түймелейді. *do sth up 1.түймелеу (opp: undo) ¨He never bothers to do his jacket up. –Костюмін түймелеу оның ойына ешқашан кіріп-шыққан емес. 2.орау (syn: wrap) ¨She was carrying a package done up in brown paper. – Ол қоңыр қағазға оралған түйіншек/орама алып жүрді. 3.жөндеп, безендіру ¨He makes money by buying old houses and doing them up. – Ол ескі үйлерді сатып алып, жөндеп ақша табады. *do yourself up (informal) өзін сәндеу, әсемдеу *do sth with sb/sth ¨I don't know what to do with all the food that's left over. – Мына қалған тамақты қайтетінімді білмеймін. ¨What have you done with my umbrella? – Қолшатырыма не істедің/қайда қойдың? ¨What have you been doing with yourselves? – Не істеп/қалай уақыт өткізіп жүр едіңдер? *do without (sb/sth) біреусіз/бірн-сіз істей, т.с.с. алу ¨She can't do without a secretary. – Ол хатшысыз/секретарсыз жұмыс істей алмайды. ¨If they can't get it to us in time, we'll just have to do without. – Олар ол нәрсені уақытында бізге әкеліп бермес, біз жай онсыз шаруаны тындыруымыз керек. ¨~ doing sth (ironic) I could have done without being woken up at three in the morning. – Мені таңғы үште оятпаса да болар еді ғой. B.auxiliary verb (does [dʌz] did [dɪd] done [dʌn]) 1.¨I don't like fish. – Балықты ұнатпаймын. ¨They didn't go to Paris. – Олар Парижге бармады. ¨Don't forget to write. – Хат жазуды ұмытпа. ¨Does she speak French? – Ол французша біле ме? 2.¨You live in New York, don't you? – Сен/сіз Нью-Йоркте тұрасың/-з емес пе? ¨She doesn't work here, does she? – Ол бұл жерде жұмыс істемейді, солай емес пе? 3.¨He plays better than he did a year ago. – Ол бір жыл бұрынғысынан гөрі жақсы ойнайды. ¨She works harder than he does. – Ол (қыз, әйел) оған (жігітке, еркекке) қарағанда жақсы істейді. ¨‘Who won?’ ‘I did.’ – «Кім жеңді?» «Мен». ¨‘I love apples.’ ‘ So do I .’ – «Алмаларды жақсы көремін» «Мен де». ¨‘I don't want to go back.’ ‘ Neither do I .’  - «Оралғым келмейді» «Менің де». 4.(баса, нақтылай айту үшін қолд) ¨He does look tired. – Ол шынымен де шаршапты. ¨She did at least write to say thank you. – Ол әйтеуір рахметін айтып, хат жазыпты. ¨Do shut up! – Жап аузыңды! 5.¨Not only does she speak Spanish, she's also good with computers. – Ол тек испанша сөйлемейді, компьютерді де жақсы игерген.  C.n [duː] (pl. dos or do's [duːz]) 1.(BrE, informal) жиын, сауық ¨Are you having a big do for your birthday? – Туған күніңе орай үлкен жиын өткізейін деп жатсың ба? (idm) *dos and don'ts (also do's and don'ts) (informal) (сөзбе-сөз: істеуге болатын және болмайтын нәрселер) ережелер ¨Here are some dos and don'ts for exercise during pregnancy. – Ауыр аяқ кезде жаттығу жасау ережелері бар.

do 2 [dəʊ] n = doh

do. abbr ditto