done 1 [dʌn] pp of do
done 2 [dʌn] A.adj 1.біткен, аяқталған, тәмам(далған), тын(дырыл)ған, атқарылған ¨~ with I'll be glad when this job is over and done with. – Мына шаруаның бітіп, аяқталғанына ризамын. ¨Are you done with the scissors? – Қайшымен жұмыс істеп болдың ба? ¨He pushed his empty plate away, sighed and pronounced "I am done." – Ол бос тарелкасын ысырып, «біттім» деді. ¨a done deed – біткен іс ¨Are you done yet? – Әзірсің бе? ¨They were done playing and were picking up the toys when he arrived. – Ол келгенде олар ойнап бітіп, ойыншықтарын жиыстырып жатыр екен. ¨When the water is done we will only be able to go on for a few days. – Су таусылғанда біз бірнеше күн жүруге ғана шамамыз келеді. ¨He is done, after three falls there is no chance he will be able to finish. – Оның шаруасы бітті, үш рет құлағаннан соң оның аяқтайтын шамасы жоқ. 2. (тамақ ж) піскен ¨The meat isn't quite done yet. – Ет онша піспепті. 3. (BrE) (көпшілік орында) орынды, лайықты, оң ¨Smoking between courses simply isn’t done. – Сабақтағы үзіліс кезінде темекі тарту дұрыс емес. ¨Spitting on the street is just not done in polite society. – Әдепті қоғамда көшеге түкірмейді. 4. (idm) *be done for (informal) халі өте нашар болу, құрудың алдында тұру ¨Unless we start making some sales, we're done for. – Сата бастамасақ, құрығанымыз. ¨When he pointed the gun at me, I thought I was done for. – Ол қаруды маған кезенгенде, біткен жерім осы екен дедім. *be/get done for sth/for doing sth (BrE, informal) тәртіп бұзып, ұсталып қалу ¨I got done for speeding on my way back. – Қайтып келе жатқанда қатты жүремін деп, ұсталып қалдым. *be done in (informal) қалжырау, әлі біту, әлі құру (syn: be exhausted) *be the done thing (BrE) орынды, оң, лайықты болу *be/have done with sth бітіру, аяқтау ¨If you've done with that magazine, can I have a look at it? – Журналды (оқып) бітірсең, қарайыншы. *a done deal біткен шаруа, іс ¨The merger is by no means a done deal yet. – (Екі компанияның) қосылу(ы) тынған шаруа емес әлі. *done and dusted (BrE, informal) біткен, аяқталған, тынған ¨That's my article for the magazine done and dusted. – Журналға әзірлеген мақалам бітіп қойған. *have done with it (BrE) бітіру, аяқтау, тәмамдау ¨Why not tell her you're quitting and have done with it? – Оған кететініңді айтып, шаруаны бітірмейсің бе? ¨Let’s spend another half an hour painting and then have done with it! – Енді жарты сағат сырлайық тағы біржолата бітірейік! B.exclamation (одағай) бітті, келістік, жарайды, болады дег мағ ¨‘I'll give you £800 for it.’ ‘Done!’ – «Бұл үшін саған £800 беремін». «Келістік!»