doubt [daʊt] A.n күмән, шүбә, күдік, сезік, секем ¨a feeling of doubt and uncertainty – күмән мен дүдәмал күйге түсу ¨~ (about sth) There is some doubt about the best way to do it. – Бұны істеудің ең дұрыс жолына қатысты бір күмән пайда болды. ¨The article raised doubts about how effective the new drug really was. – Мақала жаңа дәрінің пәрменділігіне күмән келтірді. ¨~ (that…) There is no doubt at all that we did the right thing. – Дұрыс істегенімізге ешбір шүбә жоқ. ¨~ (as to sth) If you are in any doubt as to whether you should be doing these exercises, consult your doctor. – Мына жаттығуларды істеуге қатысты қандай да бір күмәнің(із)/күдігіңіз болса, дәрігеріңізбен кеңес(іңіз). ¨New evidence has cast doubt on the guilt of the man jailed for the crime. – Жаңа айғақ сотталып кеткен адамның кінәсіне шүбә келтіреді. ¨She knew without a shadow of a doubt that he was lying to her. – Ол өзіне оның өтірік соғып тұрғанына титтей де шүбәланбады. ¨Whether he will continue to be successful in future is open to doubt. – Оның болашақта да табысқа жете беретіні күмән туғызады. 2. (idm) *beyond (any) doubt шүбәсіз, күмәнсіз ¨The research showed beyond doubt that smoking contributes to heart disease. – Зерттеу шылым шегудің жүрек ауруына сеп болатынын ешбір шүбәсіз көрсетіп берді. ¨(law) The prosecution was able to establish beyond reasonable doubt that the woman had been lying. – Айыптаушы жақ әйелдің өтірік айтып келгенін ешбір шүбәсіз дәлелдей алды. *be in doubt шүбәлі, күмәнді ¨The success of the system is not in doubt. – Жүйенің табысты болатыны күмән туғызады. *have your doubts (about sth) күмәні, шүбәсі болу ¨I've had my doubts about his work since he joined the firm. – Ол фирмаға кіргелі бері оның жұмысы жайлы бір күмәнім болды. ¨It may be all right. Personally, I have my doubts. – Бұл дұрыс та шығар. Жеке басым күмәндімін. *if in doubt күмәнді болсаң, не істеріңді білмесең дег мағ ¨If in doubt, wear black. – Сенімді болмасаң, қарасын ки. *no doubt шүбә, күмән жоқ, әрине, сөзсіз ¨No doubt she'll call us when she gets there. – Ол онда жеткен кезде, сөз жоқ, бізге телефон шалады. ¨He's made some great movies. There's no doubt about it. – Ол біршама тамаша фильм түсірген. Солай екеніне/оған шүбә жоқ. *without/beyond doubt сөзсіз, шүбәсіз ¨This meeting has been, without doubt, one of the most useful we have had so far. – Бұл кездесудің осыған дейінгілерінің арасындағы ең пайдалысы екеніне сөз жоқ. B.v күмәндану, шүбәлану, күдіктену, секемдену, сезіктену ¨~ sth There seems no reason to doubt her story. – Оның айтқандарына күмәндануға ешбір себеп жоқ сияқты. ¨‘Do you think England will win?’ - ‘ I doubt it .’ – «Англия жеңеді деп ойлайсың ба?» «Әй, қайдам». ¨~ (that)… I never doubted (that) she would come. – Оның келетініне күмәнданған емеспін. ¨~ whether, if, etc… I doubt whether/if the new one will be any better. – Жаңасының бұдан жақсы болатынына күмәнданамын. ¨~ sb/sth I had no reason to doubt him. – Оған сенбеуге менде ешбір себеп болмады.