drag [dræɡ] A.v (-gg-) 1. сүйреу, тарту ¨I dragged the chair over to the window. – Креслоны/орындықты терезеге қарай сүйредім. ¨They dragged her from her bed. – Олар оны төсегінен сүйреді. ¨The sack is too heavy to lift - you'll have to drag it. – Көтергенге қап тым ауыр – оны сүйреуің(із) қажет. ¨He quickly dragged a comb through his hair. – Ол шашынан тарақты бір рет жүргізіп өтті. 2.аяғын әзер басу, сүйрете басу ¨~ yourself I managed to drag myself out of bed. – Әрең дегенде төсектен тұрдым/Төсектен өзімді сүйреп тұрғыздым. ¨She always drags behind when we walk anywhere. – Бір жерде қыдырған кезде ол ылғи артта сүйретіледі де жүреді. 3.~ sb/yourself келуге, баруға көндіру, әурелеу ¨I'm sorry to drag you all this way in the heat. – Мына ыстықта сіз(дер)ді әурелегеніме ғафу етіңіз(дер). ¨The party was so good I couldn't drag myself away. – Сауықтың жақсы болғаны сонша, ол жерден кете алмадым. ¨He came in, dragging his three children behind him. – Ол өзінің үш баласын артынан сүйрете кірді. 4. (уақыт, оқиға ж) әрең сырғып, сүйретіле өту ¨Time dragged terribly. – Уақыт зорға өтіп жатты. ¨The meeting really dragged. – Кездесу созылып кетті. 5.сүйретілу, жерге тию ¨This dress is too long - it drags on the ground when I walk. – Көйлек өте ұзын – жүрген кезімде сүйретіледі. ¨~ sth He was dragging his coat in the mud. – Балшықта ол сырт киімін сүйретіп бара/келе жатты. 6.~ sth (for sb/sth) су түбін аумен не сүңгімен тінту, тексеру ¨They dragged the canal for the murder weapon. – Олар канал/арна түбін тінтіп, өлтірген қаруды іздеді. 7.(computing) ~ sth тексті, символды, тсс тінтуірдің (мышь – mouse) көмегімен сырғыту, сүйрету ¨Click on the file and drag it across. – Файлге клікте дағы көлденеңінен сырғыт. 8. (idm) *drag your feet/heels «аяғын сүйрету», әдейі созу 9.(phr v) *drag by (уақыт ж) сүйретілу, әрең сырғу ¨The last few weeks of the summer really dragged by. – Жаздың соңғы бірнеше аптасы шынымен де сүйретіліп өтіп жатты. *drag sb down жабырқату, нашар сезіндіру ¨Dwelling on the past only drags you down. – Өткенді ойласаң жабырқайсың. *drag sb/sth down (to sth) нашар деңгейге, дәрежеге түсіру, т.с.с. ¨If he fails, he'll drag us all down with him. – Ол сүрінсе, бәрімізді де өзімен бірге әкетеді/бәріміз де омақасамыз. *drag sth/sb into sth/drag sth/sb in тықпалау, киліктіру, кірістіру ¨Do you have to drag politics into everything? – Кез-келген нәрсеге саясатты тықпалайсың ба? ¨Don't drag the children into our argument. – Арамыздағы әңгімеге балаларды киліктірме. *drag on (disapproving) созылу, сүйретілу ¨The dispute has dragged on for months. – Дау көптеген айға созылып бітпей қойды. *drag sth out созып жіберу, тым созу (syn: prolong) ¨Let's not drag out this discussion - we need to reach a decision. – Талқылауымызды тым созбай-ақ қоялық – шешім шығаруымыз қажет. *drag sth out of sb мойындату ¨We dragged a confession out of him. – Оны мойындаттық. *drag sth up жайсыз жайтты жөнсіз еске салу ¨Why do you have to keep dragging up my divorce? – Ажырасқанымды неменеге қайта-қайта еске сала бересің? B.n 1.(informal) қызықсыз, зеріктіретін, іш пыстыратын кісі я нәрсе, мазаны алатын нәрсе ¨He's such a drag. – Ол сондай қызықсыз жан. ¨Walking's a drag - let's drive there. – Жаяу жүрсек мазамыз кетеді, машинамен-ақ баралық. ¨Having to work late every day is a drag. – Күн сайын қас қарайғанша жұмыс істеу адамды қажытады. 2.a ~ on sb/sth (informal) кедергі, жүк, тұсау ¨He came to be seen as a drag on his own party's prospects. – Ол өз партиясының болашағына тұсау болады деген пікір қалыптасты. 3. (informal) темекі, тсс түтінін жұту, сору, ішке алу (syn: draw) ¨She took a long drag on her cigarette. – Ол темекісін ұзақ сорды. 4. (informal) киім (яғни, әйелдің киімін еркектің киюі не керісінше) ¨He performed in drag. – Ол әйел киімін киіп өнер көрсетті. ¨a drag queen – қызтеке королева (әйелдің киімін киіп жұрттың көңілін көтеретін еркек) 5. (көлік қозғалғандағы) ауа кедергісі