dramatic [drəˈmætɪk] adj 1. (өзгеріс, оқиға, тсс ж) драмалы, драмаға толы, толқытатын, жаға ұстататын, қауырт, аласапыран, алай-түлей, алашапқын ¨a dramatic increase/fall/change/improvement – қауырт ұлғаю/түсу/өзгеру/жетілу ¨dramatic results/developments/news – аласапыран нәтижелер/қауырт өзгерістер/суыт хабар ¨The announcement had a dramatic effect on house prices. – Мәлімдеме үй бағаларын алай-түлей етті. 2.тамаша, керемет; толқытатын, тебірентетін, тағат таптырмайтын, дегбір қашыратын ¨a dramatic victory – тамаша жеңіс ¨They watched dramatic pictures of the police raid on TV. – Олар теледидардан полиция шабуылының алай-түлей/дегбірді қашыратын көріністерін қарады. 3.драма(лық) ¨a local dramatic society – жергілікті драма қоғамы ¨Students will study various plays and dramatic texts. – Студенттер түрлі спектакльдер мен драма текстерін оқитын болады. ¨a dramatic monologue – драма монологы 4.елжіреген, еміренген, елбіреген; ел қарататын, көзтартатын, жасамық, қылымсыған (қылықтар ж) ¨He flung out his arms in a dramatic gesture. – Ол құшағын айқара ашып жіберіп, елжірей қалды.  ¨Don't be so dramatic! – Соншама елжіремеші/қылымсымашы!