dream [driːm] A.n 1.(ұйқыда көретін) түс ¨I had a vivid dream about my old school. – Ескі мектебім жайлы ап-анық түс көріптім/көріппін. ¨I thought someone came into the bedroom, but it was just a dream. – Ұйықтайтын бөлмеге біреу кірген екен десем, жай ұйқысырап жатқан екенмін. ¨‘Goodnight. Sweet dreams.’ – «Қайырлы түн. Жақсы түс көріңіз». ¨Don't think about it. You'll only give yourself bad dreams. – Ол жайлы ойлама(ңыз). Ұйқың бұзылғаннан басқа ештеңе таппайсың. 2.арман, қиял ¨Her lifelong dream was to be a famous writer. – Әйгілі жазушы болу оның өмірлік арманы/қиялы болатын. ¨He wanted to be rich but it was an impossible dream. – Оның бай болғысы келетін, алайда ол орындалмас арман еді. ¨If I win, it will be a dream come true. – Жеңсем, арманымның орындалғаны. ¨She tried to turn her dream of running her own business into reality. – Ол жеке кәсібім болса екен деген арманын/қиялын шындыққа айналдыруға тырысты. ¨a dream car/house/job – арман машина/үй/жұмыс ¨I've finally found the man of my dreams. – Армандаған жігітімді/адамымды ақыры таптым. ¨a chance to fulfil a childhood dream – балалық арманына жеткізетін мүмкіндік ¨It was the end of all my hopes and dreams. – Бұл барлық үмітім мен арманымның ақыры еді. 3.мәңгіру(шілік), ұйқылы-ояу, әңкі-тәңкі күй ¨She walked around in a dream all day. – Ол күні бойы әңкі-тәңкі болды да жүрді. 4.(informal) тамаша нәрсе, армандағандай нәрсе ¨That meal was an absolute dream. – Ол ас тегі керемет екен. 5. (idm) *go/work like a dream 1.тамаша жұмыс істеу, т.с.с. ¨My new car goes like a dream. – Жаңа машинам лыпылдап тұр. 2.таң-тамаша, ың-шыңсыз, ешбір қиындықсыз ¨The wedding celebrations went like a dream. – Той таң-тамаша өтті. *in your dreams (informal) жөнсіз дәмеленбе дег мағ ¨‘I'll be a manager before I'm 30.’ ‘In your dreams.’ – «Отызға толмай жатып-ақ менеджер/бастық боламын» «Дәмеңнің зорын-ай». *like a bad dream көрген жаман, жайсыз түстей, өң не түс екеніне сенбеу ¨In broad daylight the events of the night before seemed like a bad dream. – Күнжарықта өткен түнгі оқиғалар көрген жаман түстей көрінді. B.v (dreamt, dreamt) or (dreamed, dreamed) 1.түс көру ¨Did I talk in my sleep? I must have been dreaming. – Ұйқыда сөйледім бе? Түс көріп жатқан болармын. ¨~ of/about sb/sth I dreamt about you last night. – Өткен түні сен жайлы түс көріппін. ¨~ sth Did it really happen or did I just dream it? – Бұл шынымен болды ма жоқ әшейін түсім бе? ¨~ (that)… I dreamt (that) I got the job. – Түсімде жұмысқа орналасыппын. 2.армандау, қиялдау, ойлау ¨~ of/about sth She dreams of running her own business. – Ол жеке кәсібім болса екен деп қиялдайды. ¨It was the kind of trip most of us only dream about. – Бұл көбіміз қиялдай ғана алатын сапар болды/еді. ¨~ of/about doing sth (informal) I wouldn't dream of going without you. – Сенсіз баруды ойламаймын да. ¨~ sth Who'd have dreamt it? They're getting married. – (Бұлай болады деп) кім ойлаған? Олар үйленгелі жатыр. ¨~ (that)… I never dreamt (that) I'd actually get the job. – Жұмысқа алады деп тегі ойламаппын. 3. (phr v) *dream sth away құры, бос қиялдау *dream on (informal) орындалмайтын нәрсе дег мағ *dream sth up (informal) оғаш я ерсі нәрсемен айналысу, шұғылдану (syn: think up) ¨This is the latest ploy dreamed up by advertising companies to sell their new products. – Бұл жарнамашы компаниялардың өздерінің жаңа өнімдерін сатпақ болғандағы амалы.